Magistracy
Магистратура мамандықтары
Магистратура – «бакалавриат – магистратура - PhD докторантурасы» кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы үш сатылы жүйесінің екінші сатысы. Магистратурада оқыту қазақстандық халықаралық компанияларда табысты ғылыми-зерттеу, педагогикалық, тәжірибелік-конструкторлық және жаңашылдық қызметке қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Кәсіби ЖОО-дан кейінгі бағдарлама Сізге нағыз кәсіпқой болуыңызға, қазіргі міндеттерді шеше білуге, басқаруда және ғылыми-зерттеу қызметінде, қазіргі бәсекелестік ортада алған біліміңіз бен дағдыларыңызды басшылыққа алуға мүмкіндік береді.
АӘИУ магистратурасы: халықаралық деңгейдегі ғылыми білім беру ортасы
· Жеке траектория нақты жұмыс берушіге бағдарланған, әрбір магистрдің даярлығы;
· Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып, жаңашылдық ғылыми-білім беру орталықтарының базасында магистрлік даярлық;
· Жаңартылған оқу жабдығы, жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам және шет елдің жетекші ғалымдарының мастер-кластары;
· Қазақстанда және шет елдерде көптеген академиялық алмасулар және тәжірибе жинақтау;
· Ғаламторға еркін қолжетімдігі – университеттің аумағында Wi-Fi аймағы;
· Бітірушілердің елімізде және шетелде сұранысқа ие болуы.
АӘИУ-дегі магистратура мамандықтарының тізімі бекітілген Жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Классификаторына сәйкес келеді.
АӘИУ келесі мамандықтар бойынша даярлауды іске асырады:
№ |
Мамандықтардың атауы |
|
1 |
6М010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі әдістемесі |
|
2 |
6М010300-Педагогика және психология |
|
3 |
6М010800-Дене шынықтыру және спорт |
|
4 |
6М011000-Физика |
|
5 |
6М011200-Химия |
|
6 |
6М011300-Биология |
|
7 |
6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті |
|
8 |
6М011900-Шетел тілі:екі шетел тілі |
|
9 |
6М012000-Кәсіптік оқыту |
|
10 |
6М020300-Тарих |
|
11 |
6М020500-Филология |
|
12 |
6М030100-Құқықтану |
|
13 |
6М042100-Дизайн |
|
14 |
6М050200-Саясаттану |
|
15 |
6М050600-Экономика |
|
16 |
6М050800-Есеп және аудит |
|
17 |
6М060100-Математика |
|
18 |
6М060600-Химия |
|
19 |
6М060700-Биология |
|
20 |
6М060800-Экология |
|
21 |
6М073200-Стандарттау және сертификаттау |
|
Магистранттарға академиялық демалыс беру ережесі
Жалпы ережелер
1. Осы Осы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетте(бұдан әрі -университет) білім алушыларға академиялық демалыс беру ережелері (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, ҚРБҒМ 2014 жылғы 4желтоқсандағы №506 қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларына» сәйкес әзірленген.
Академиялық демалыс -университетте магистранттар медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда өз оқуын уақытша тоқтата тұратын кезең.
Академиялық демалысты ресімдеу үшін білім алушы университет ректорының атына өтініш береді және осы Ереженің 6-тармақшасында қарастырылған құжаттарды тапсырады.
Білім алушыға академиялық демалыс мынадай:
сырқатына бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі -ДКК) қорытындысы;
ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ОДКК) қорытындысы;
әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде; босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда 3 жасқа толғанға дейін беріледі.
Университет ректоры үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың негізінде білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.
Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін университет ректоры білім беру гранты бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне үш жұмыс күні ішінде жолдайды.
Білім алушы академиялық демалыстан шыққан соң университет ректорының атына өтініш береді және ауруына байланысты академиялық демалыста жүрген білім алушы осы мамандық бойынша білімін жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытындымен қоса науқасты қараған денсаулық сақтау ұйымынан денсаулық жағдайы туралы ДКК (ОДКК) анықтамасын тапсырады.
Ұсынылған құжаттардың негізінде университет ректорының үш жұмыс күнінің ішінде мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.
Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушы академиялық демалыстан келген кезде университет аталған бұйрықтың көшірмесін үш жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жолдайды.
Университет ректоры ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жұмыс жоспарларындағы пәндердің айырмашылығын, оқу курсын анықтайды және офис регистратормен келісе отырып, білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.
Академиялық демалыстан келген соң білім алушы оқуын аталған демалысты ресімдеген курстан (және академиялық кезеңнен) бастап жалғастырады.
Егер академиялық демалыстан келу немесе академиялық демалысқа шығу уақыты академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, білім алушы жеке кесте бойынша барлық оқу тапсырмаларын орындап, рейтингке рұқсат алу үшін қажетті балдарды жинайды немесе жазғы семестрде айырмашылықтар пайда болған пәндерге жазылады.
Білім алушы айырмашылықтарды жою үшін ағымдағы оқу жұмысымен қатар академиялық кезеңде барлық сабақ түрлеріне қатысады, сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған ағымдағы және кезеңдік бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, рұқсат алады және академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңінде қорытынды бақылауды тапсырады.
Оқу үрдісін ұйымдастыру
Магистрлерді даярлау бойынша білім беру үдерісі аяқталғандығының негізгі критерийлері магистранттың:
1) ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде кемінде 59 кредитті, оның ішінде теориялық оқудың кемінде 42 кредитін, практиканың кемінде 6 кредитін, ғылыми-зерттеу жұмыстарының кемінде 7 кредитін;
2) бейіндік дайындық кезінде -кемінде 28 кредитті (1 жыл оқу мерзімімен) және кемінде 48 кредитті (1,5 жыл оқу мерзімімен), оның ішінде теориялық оқуға сәйкес кемінде 18 және 36 кредитті, практика бойынша кемінде 2 және 4 кредитті, эксперименттік-зерттеу жұмыстарының кемінде 4 және 4 кредитін меңгеруі болып табылады.
Магистранттардың жеке жоспары:
Магистрант кафедра жетекшілерімен құрастырылған жеке жұмыс жоспары негізінде оқытылады және әр магистранттың білім алу траекторисын, ғни оқу жылы бағдарлама элективті курстарды зерттеудегі мазмұны мен бірізділігін анықтайды.
Магистрант оқу жоспарының типтік және элективті пән жинағының негізінде өзінің дара оқу жоспарын жасайды. Онда негізгі компоненттегі барлық пәндерді енгізілген: Онда негізгі компоненттегі барлық пәндерді енгізілген. Сонымен қатар, онда магистрлік диссертациның тақырып, маңыздылығы, мақсаты мен негізгі міндеттерді атап өтіп, әр оқу кезеңіне құрастылыған.
Магистратуралық диссертацины жеке-дара жоспарды ғылыми-зерттеу бөлімі мен магистратураға таратылады.
Мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары МЖМБС талаптарына сәйкес даярланып, университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып, университеттің ғылыми кеңесінде бекітілген. Мамандықтардың бекітілген оқу жоспарларының көшірмесі мамандыққа жауапты кафедраларға таратылып берілген. Оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу жоспарында белгіленіп көрсетілген әрбір оқу пәнін өзіне сәйкес кодпен белгілейтін пәндердің бірыңғай кодтау жүйесі пайдаланылады. Барлық оқу жоспарларының еңбек құндылығы кредит санымен орын алады.
Магистратура мамандықтарының оқу жұмыс жоспарына сәйкес теориялық дайындықты меңгеру мақсатында базалық және профильдік циклдегі пәндер жүргізіледі. Бейіндік бағыты бар мамандықтарға 3 базалық міндетті пән (Шет тілі, Психология), ал ғылыми-педагогикалық бағыттағы мамандықтарға 4 базалық міндетті пән (Ғылым тарихы және философиясы, Шет тілі, Педагогика және психология) қарастырылған. Ғылыми-педагогикалық дайындау бағытының базалық пәндеріне 20 кредит, профильдік пәндеріне 22 кредит, жалпы тәжірибеге (педагогикалық, өндірістік) 6-дан кем емес кредит, ғылыми-зерттеу жұмысына 7 кредит, қорытынды аттестаттауға 4 кредит бөлінген.
Ғылыми-педагогикалық бағытта мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде барлық мамандықтарында тәжірибе семестрін кафедранын өзіне таңдау белгіленген.
Магистрлік бағдарламаның ғылыми-зерттеу бөлігі мамандықтың негізгі, өзекті мәселелерін қарастыратын ғылыми жаңалықтың тәжірибелік маңыздылығына, шетелдік және отандық ғылымның нәтижесіне негізделген болу қажет. Сондықтан, оқу жоспарында магистрлік диссертацияның материалын жинау, қорытындылау мақсатында ғылыми-зерттеу тәжірибесі жоспарланған. Бұл мақсатта да кафедралармен
1) ғылыми-зерттеу тәжірибесін өту бағдарламасы;
2) ғылыми-зерттеу тәжірибе күнделігі;
3) магистрлік диссертация ережелері, сонымен бірге, кафедраларда мамандық бойынша магистрлік диссертацияны дайындауда пайдаланылатын әдістемелік нұсқаулар жасалған. Магистрлік диссертация тақырыптары кафедра мәжілісінде, факультеттің Ғылыми Кеңесінде талқыланып, университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде басшы бұйрығымен бекітілген.
Educational programs - master's degree
Code & classification of the field of education | Code & classification of training direction | Name of the degree program | Groups |
7M01 Pedagogical Sciences | 7M011 Pedagogy and Psychology | 7М01101- Pedagogy and Psychology (scientific-pedagogical) | ПП-19МА |
7М01111- Pedagogy and Psychology (profile) | ПП(б)-19МА | ||
7M013 Teacher training without a subject specialization | 7M01301- Pedagogy and methods of primary education (scientific-pedagogical) | БП-19МШ | |
7M01311- Pedagogy and methods of primary education (profile) | БП(б)-19МШ | ||
7M014 Teacher training with a subject specialization of general development | 7M01401- Physical training and sport (scientific-pedagogical) | ДС-19МА | |
7M01411- Physical training and sport (profile) | ДС(б)-19МА | ||
7M01404- Professional education (scientific-pedagogical) | КО-19МШ | ||
7M01414- Professional education (profile) | КО(б)-19МШ | ||
7M015Teaching training in natural science subjects | 7M01502- Physics (scientific-pedagogical) | Ф-19МШ | |
7M01512- Physics (profile) | Ф(б)-19МШ | ||
7M01504- Chemistry (scientific-pedagogical) | Х-19МЖ | ||
7M01514- Chemistry (profile) | Х(б)-19МЖ | ||
7M01505- Biology (scientific-pedagogical) | Б-19МЖ | ||
7M01515- Biology (profile) | Б(б)-19МЖ | ||
7M017 Teacher training in languages and literature | 7M01701- Kazakh language and literature (scientific-pedagogical) | ҚТ-19МШ | |
7M01711- Kazakh language and literature (profile) | ҚТ (б)-19МШ | ||
7M01703- Foreign language: two foreign languages (scientific-pedagogical) | ШТ-19МШ | ||
7M01713- Foreign language: two foreign languages (profile) | ШТ (б)-19МШ | ||
7M02 Arts and humanitarian sciences | 7M021 Arts | 7M02104- Design (scientific-pedagogical) | Д-19МА |
7M02114- Design (profile) | Д (б)-19МА | ||
7M022 Humanitarian sciences | 7M02201- History (scientific-pedagogical) | Т-19МЖ | |
7M02211- History (profile) | Т (б)-19МЖ | ||
7M04 Business, management and law | 7M041 Business and Management | 7M04101- Economics (scientific-pedagogical) | Э-19МА |
7M04111- Economics (profile) | Э (б)-19МА | ||
7M04102- Accounting and Auditing (scientific-pedagogical) | ЕА -19МА | ||
7M04112- Accounting and Auditing (profile) | ЕА (б)-19МА | ||
7M042 Law | 7M04201- Jurisprudence (scientific-pedagogical) | Қ-19МЖ | |
7M04211- Jurisprudence (profile) | Қ (б)-19МЖ | ||
7M05 Natural sciences, mathematics and statistics | 7M051 Biological and related sciences | 7M05101- Biology (scientific-pedagogical) | Бғ-19МЖ |
7M05111- Biology (profile) | Бғ(б)-19МЖ | ||
7M052 Environment | 7M05201- Ecology (scientific-pedagogical) | Эг-19МЖ | |
7M05211- Ecology (profile) | Эг (б)-19МЖ | ||
7M054 Mathematics and Statistics | 7M05401- Mathematics (scientific-pedagogical) | М-19МШ | |
7M05411- Mathematics (profile) | М(б)-19МШ | ||
7M07 Engineering, manufacturing and construction industries | 7M075 Standardization, certification and metrology (by branches) | 7M07501- Standardization and certification (by branches) (scientific-pedagogical) | СС-19МА |
7M07511- - Standardization and certification (profile) | СС(б)-19МА |
Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы
Магистратура бағыты бойынша 2019-2020 оқу жылындағы білім беру бағдарламалары тізімі