- Филология және бастауыш білім факультеті
- Физика-математика және кәсіби оқыту факультеті
- Бизнес және техника факультеті
- Педагогика және өнер факультеті
- Тарих және құқық факультеті
- Жаратылыстану және музыкалық білім факультеті
- Сырттай, кешкі және қашықтықтан оқыту факультеті
Филология және бастауыш білім факультеті

Факультет деканы
Керимбаев Даурен Маратович
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Факультеттің кафедралары
Негізгі ақпарат
Филология және бастауыш білім факультеті педагогикалық бағыттағы мамандықтар негізінде 2008 жылы «Гуманитарлық-педагогикалық» факультеті болып құрылды. Факультет кұрамында 2 кафедра жұмыс істейді. «Филология» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., Ф.Аймурзаев, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., М.Ә. Ермекбаев.
Факультетті ф.ғ.к., доцент Д.М. Керимбаев басқарады. Деканның оқу жұмысы жөніндегі орынбасары магистр, аға оқытушы Т.Б.Усенов және әдіскер қызметін Г.М. Оспанова атқарады.
Факультетте студенттердің қазіргі заман талабына сай білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Оқу кабинеттері, интернет жүйесіне қосылған 8 компьютер класы, интерактивті оқытудың комплекті жүйесі студенттер игілігі үшін қызмет көрсетеді.
Факультетке қарасты 2 кафедрада ПОҚ - 106, оның ішінде 6-ғылым докторы, 1-phd доктор, 1- ҚР еңбегі сіңген мемлекет қайраткері, 44-ғылым кандидаты, 21-аға оқытушы, 27-ғылым магистрі бар. Факультетте 5 мамандық бойынша 1002 студент білім алып келеді. Студенттерге дәріс мемлекеттік тілде жүргізіледі. Факультет студенттері көптеген халықаралық, республикалық байқауларға және ғылыми конференцияларға қатысып жетістіктерге жетіп, марапаттауларға ие болды.Мемлекеттік жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары және бітірушілердің университетте алған терең теориялық білімдерінің нәтижесінде оқу орнымыздың түлектерінің жұмысқа орналасуы қазіргі таңда 70% құрап отыр.
Байланыс: