1.Әдеп кодексі.

Біз, Академиялық инновациялық институт студенттері, жалпыға ортақ адамгерщілік қасиеттер мен әдеп нормаларын басшылыққа ала отырып, осы ережелерді қабылдап, оларды қатаң сақтауға міндеттенеміз:

1.Негізгі ереже: Адам құқығы және оның беделі мен жеке басын сыйлау.

Студенттердің бір-біріне қарым-қатынасы және оқытушыларды, институт әкімшілігін құрметтеп, олармен қарым-қатынас жасауда әдеп пен сыпайылық сақтау.

Студенттердің бойында адам құқығын аяққа басу, дөрекі қарым-қатынас жасау, балағаттау сияқты қасиеттерді болдырмау.

Институт басшылары және оқытушыларымен қарым-қатынас жасағанда субардинация сақтау, өзге адамдардың құқығын, өз міндетін өз байлығым деп есептеп, кез-келген ескертулерден аулақ болу.

2.Корпоративтілік ереже.

Студент институттың дәстүрін сақтаумен қатар, әрі қарай дамып, өзінің тәжірибесін жасартуға үйрете отырып, институттың беделін арттырып отыруға тиіс.

3.Стиль ережесі.

Студенттер киіну стилін сақтап, ерсі киінуден, ерекше боянудан аулақ бола отырып, институттың талабына сай орынды киінуі керек. Сабаққа іскерлік киімде қатысуы керек.

4.Әдеттер ережесі.(Салауатты өмір сүру салты заңы)

Институттың маңында шылым шегуге қатаң тиым салынады. Сонымен қатар, адамдарды еліктіретін заттар мен спирттік ішімдікті ішуге тыйым салынады.

5.Дәлдік (пунктуальділік) ережесі.

Студент әр уақытта өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарау мен қатар сабаққа өз уақытында келе алмаған жағдайда, себебін айтып топ басшысына, куратор-эдвайзеріне ескерту керек.

6.Оқу процесіндегі адалдық ережесі.

Студент оқытушы қойған талаптарды орындаумен қатар, оқытушының аты-жөнін білуге тиісті.

Студенттер сабақ процесінде кедергі болатын бір-бірімен сөйлесу, сымтетікпен тілдесу, сабақ үстіңде жүру сияқты шаралардан және т.б.аулақ болуы тиіс.

Студент сабақта шпаргалка қолдануға, оқытушының орнына жалған қол қоюға, сабақтарды бір-бірінен көшіруге және жалған құжат жасауға тыйым салынады.

7.Мүлікті сақтау ережесі.

Студенттер институт заттарына ұқыпты қарау, институт маңын шашпай таза ұстауы тиіс. Өзгенің затын иемденуге болмайды.

Кодекс талаптарын сақтамаған және рецидив жағдайында студент институттың әкімшілігі алдында жауапқа тартылады.

 

2.Ар кодексі.

Академиялық инновациялық институтының студенттері институт миссиясын, яғни, жоғары дәрежелі, сапалы мамандар даярлауға өз жауапкершілігін сезіне отырып, институттың жастар ісі жөніндегі комитетінің мәдениетін қолдау мен дамытуды мақсат ете отырып, АИИ имиджін сақтау жолында және институттың мәдениетін дамыту мақсатында аталмыш ар Кодексін қабылдайды және оны бұлжытпай орындауға міндеттенеді.

І Бап.

 Студент ҚР Конституциясын, ҚР-ның Заңдарын, АИИ-ның жарғысын, институтішілік тәртіп ережелерін және басқа да нормативтік актілерді сақтау керек.

ІІ Бап.

АИИ студенті жоғары академиялық мәдениет, сенім атмосферасын және өзара сыйластықты қолдауға тырысуы керек.

ІІІ Бап.

АИИ-нің студенттері сабақтың және аралық бақылаудың барлық түрлеріне жауапты қарауы керек.

IVБап.

Студент академиялық нормалардың бұзылуына жол бермеуі керек:

-аралық бақылау жұмысы кезінде бір-бірінен көшіруге және басқа студенттен сұрауға болмайды.

-студент орнына басқа біреуді жіберуге;

-өзгенің дайын оқу материалын (реферат, курстық жұмыс, диплом жұмыстарын және т.б.) тіпті Интернет көздерінен алынған жұмысты да өзінің жұмысы ретінде пайдалануға болмайды;

-жоғары баға алу үшін туыстық және қызметтік қатынастарды пайдалануға болмайды;

-оқытушыларды алдауға, оларды сыйламауға жол берілмейді;

-институттың оқу ісіне тікелей байланысты құжаттарды қолдан жасауға тыйым салынады;

-сабақтан себепсіз кешігуге, сабақты жіберуге болмайды;

АИИ-ның студенті жоғарыда жазылған академиялық жауапсыздықтарды сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуға кері әсер ететін қылықтар деп қарайды.

V Бап.

АИИ-ның студенттері өзге студенттермен, оқытушылармен және институт әкімшілігінің өкілдерімен қарым – қатынас жасағанда әдептілікті, кішіпейілділікті сақтауы керек;

VI Бап.

АИИ-ның студенттері институт бұйымдарының сақталуына, институт маңында вандализмді болдырмауға тырысады.

VII Бап.

АИИ-ның студенттері  кітапхана-ақпараттық ресурстарына ұқыпты қарап, қиянат жасамауы керек.

VIII Бап.

Өзін-өзі басқару, студенттердің шығармашылық белсенділігін (ғылыми-білімдік, спорттық, көркемдік және т.б.), корпоративтілік мәдениетін көтеру және АИИ-ның имиджін жақсартуға қатысты барлық қызмет түрін АИИ-ның студенті қажетті және пайдалы деп есептейді.

IX Бап.

АИИ-ның студенттері Жастар ісі жөніндегі комитеттің абыройына және АИИ-ның имиджіне нұқсан келтіретін тәрбиеден бас тартады.

X Бап.

Кодекс ережелерінің бұзылуын байқаған кезде АИИ-ның студенті оны өз күшімен тоқтатуға тырысады, ал қажет болған жағдайда бұл жөнінде жастар ісі комитетіне немесе университет әкімшілігіне хабарлауға құқылы.

XI Бап.

Аталмыш Кодекс АИИ-ның студенттерінің қолы қойылады және олардың оқу процесі кезінде осы ережелерді ұсынатынын айғақтайды.

Бөлісу: