Университетте Жастар комитеті жұмыс жасайды. Жастар ұйымы мемлекеттік жастар саясатын жүргізе отырып, студенттердің оқу-тәрбие, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарымен айналысады.Сонымен қатар, жастардың лидерлік қабілеттерін арттыру бағытында жұмыс жасайды.

Жастар ұйымы университет жастарын Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі негізінде ұйымдастырады. Бұл жүйе бойынша студенттік ректор, студенттік проректор және студенттік декандар сайланып, олар оқу орнымыздың қоғамдық өміріне белсене араласады. Студенттермен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты –студент жастардың қоғам өміріне белсенділікпен араласуы мен қоғамның жастар туралы көңілге қонымды, обьективті пікірінің қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады.

Студенттік лидерлер Жастар ұйымымен бірге жастар саясатын жүргізе отырып, студенттердің оқу-тәрбие, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарымен айналысады.  

Жоғарыза айтқанымыздай, университет құрылған уақыттан бастап, оның өмірінен студенттік өзін-өзі басқару ерекше рөл атқарады. Қазіргі уақытта студенттік өзін-өзі басқарудың жоғары органы -жастардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің, сондай-ақ жастар саясатын іске асыру және университетте оны іске асыру шараларын өңдеу негізгі міндеті болып табылатын жастар комитеті бар(8.3-қосымша). Бөлімге университеттің тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры басшылық жасап отырады (5-қосымша).

Университетте жүргізіліп отырған студенттік өзін-өзі басқару саясаты студенттердің индивид ретіндегі жеке ерекшеліктерін нығайтуға, сондай-ақ оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас пенішкі тәртібіне, университеттің болашақта жақсы жағынан дамуына әсерін тигізеді. Студенттік ректордың, студенттік деканның және белсенділердің жұмыстарындағы жалпы көрсеткіштер осының айғағы болып табылады. 

 

Бөлісу: