Диплом студента

Бегимбет С.

Диплом студента

Қыдыр С.

Диплом студента

Абдрахман Ермұлтана

 

 

Білім ордамыздың студенттері Халықаралық, Республикалық, Облыстық байқауларда биіктерден көрініп жүр. Атап айтсақ, Сейілхан Қаламқас – Облыстық Арай-2016 жас эстрада әншілер байқауынан - 3 орын, Қыдыр Сымбат- ЖОО арасында өткен  «Көктем аруы» - 2016 байқауынан Бас жүлде, Абдрахман Ерсултан - Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай өткізілген «Ұлы даланың абыз ақыны» атты аймақтық жыр мүшайрасынан - 2орын. Бегімбет Сабина - Шымкент қаласының Тілдерді оқыту  орталығының ұйымдастыруымен өткен Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің дәстүрлі байқауынан -  Бас жүлдені иемденді. Шымкент қалалық Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткен  «Тілдарын - 2016» қалалық байқауында Тілдер кафедрасының студенті Томанова Ақмаржан 2-орынға ие болды.

2008 жылы Шымкент қаласында өткен «Біздің авангард» жас дизайнерлер мен модельерлердің Халықаралық байқауында оқытушылар: Б.А. Досанова, Б.Е. Жорабекова, Н.Ж. Миржибаеваның «Асыл мұра» атты киім жиынтығы Бас жүлдені жеңіп алды. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2009 жылы өткен «Менің Отаным Қазақстан» атты жас суретшілердің байқауында Д. Яковлев 2орынды иеленді.  «Қала және дизайн-2009» атты Республикалық жас дизайнерлер байқауында «Дизайн» кафедрасының студенттері Ким Елена, Либих Александр:«Балалар ойын алаңы дизайны» номинациясымен, алАльжанов Бекназар «Қоғамдық көлік аялдамасының дизайны» номинациясымен марапатталған.

 
Бөлісу: