Жан-жақты дамыған студентті қалыптастыруға және олардың шығарма­шы­лық әлеуетін дамытуға университеттегі басқа да қоғамдық ұйымдар әсерін тигізеді. 8.6-кестесінде республикалық және жоғары оқу орындары ішіндегі жастар ұйымының жұмыстарына белсене қатысып жүрген студенттер жайлы мәліметтер келтірілген.

Жастар ұйымы және оған қатысушы студенттер саны

 

Жастар ұйымы

2012-2013 оқу жылы

2013-2014 оқу жылы

2014-2015 оқу жылы

2015-2016 оқу жылы

Жастар саясаты бөлімі

535

577

577

580

«СтуденттікРекторат»

21

17

17

17

«Нұр Отан» ХДП «ЖасОтан»жастар қанаты

35

50

55

56

 «Қазақстан студенттері Альянсы»республикалық студенттік қозғалыс

15

28

30

30

Дебат клубы

15

20

30

30

«Парасат»әдеби клубы

17

22

37

40

 «Елбасы серіктестері» волонтерлік қозғалысы

-

150

200

200

Көңілді тапқыштар клубы

15

17

30

31

Барлығы:

653

881

976

984

Сонымен, мемлекеттік жастар саясаты мен университеттің қоғамдық жұмыстарын жүргізуге қатысатын студенттер саны орташа есеппен 984 немесе күндізгі бөлімде оқитын жалпы студент санының 26,5%-ын құрайды.

Студенттік ұйымдардың жұмыстарын университеттің тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, жастар комитеті, өзіндік Ережесі, жұмыс жоспары және өзіндік мүшесібар жастар саясаты бөлімі үйлестіріп отырады. Студенттер тәртібінің этикалық ережесін анықтайтын негізгі құжат - студенттердің университетке қабылданған күнінен бастапоқуды бітіргенге дейінгі тәртібіне қойылатын бірыңғай талаптарды бекітетін – «АӘИУ студенттерінің ар-намыс Кодексі».

Университет студенттері республикалық және жергілікті жастар ұйымының мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үдерісіне белсене қатысады. ЖОО студенттері «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты, ҚР Білім және ғылым министрінің қолдауымен құрылған «Қазақстан студенттері Альянсы» республикалық студенттік қозғалысының мүшесі болып табылады.

Шымкент қаласында бұл ұйымның құрамына 12 жоғары және орта оқу орындары енген. «Қазақстан студенттері Альянсы» РСҚ қалалық штабы М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ базасында құрылған. АӘИУ көшбасшылары студенттер құқығын қорғауға байланысты құрылған «Тұрмысың қалай студент?», «Тамақтануың қалай, студент?», «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Наркотикке «жоқ» де» жобаларына, сондай-ақ жастарды патриоттық тұрғыдан тәрбиелеуге бағытталған «Бұл біздің Әнұран!», «Бұл-біздің Ту!», «Бұл -біздің Елтаңба!», «Жастар – туған елге» атты іс-шараларды өткізуге белсене қатысады.

Жастардың құқығын, бостандығын және қызығушылығын сақтау, студенттер мен университет басшыларының арасында қарым-қатынастық серіктестікті жақсарту және демократияландыруды дамыту мақсатында 2012 жылдан бастап бекітілген Ережеге сәйкес «Студенттік ректорат» қызмет етіп келеді. Университет ректоры студенттермен үнемі кездесіп отырады, ай сайын оқудың, студенттік өмірді ұйымдастыру және қоғамдық өмірді дамыту, ғылыми-зерттеу және шығармашылық әлеует проблемалары талқыланып отыратын студенттік актив отырысына қатысып отырады.

ЖОО студенттік өзін-өзі басқару жұмыстарының тиімділігі әр сессиядан кейінгі өткізілетін тәуелсіз студенттік сауалнама мен сұрақ-жауаптың өткізілуімен байланысты көрінеді. Студенттік «Пошта және сенім телефоны» жұмыс жасайды. Ректормен тікелей қарым-қатынас жасау үшін университет сайтында ректордың блогы жұмыс жасайды.

ЖОО жастар ұйымының рөлі үлкен, олар тәрбие үдерісін тең құқықтық қарым-қатынас болып табылатын «студент – студентке» жүйесі арқылы белсене қатысады. Сол арқылы ЖОО тәрбие жұмысының тиімділігін көтеріп, «студент – оқытушы» қарым-қатынасының серіктестік жүйесінің де тиімділігін арттыруда.

Университет жыл сайын студенттік зияткерлік және ғылыми семинар, олимпиада, дөңгелек үстел ұйымдастырады, мұнан тыс ЖОО студенттері облыстық, республикалық олимпиадаларға және ғылыми жобалар, орындаушылық байқаулар, «АӘИУ көшбасшылары» интеллектуалды ойыны, факультетаралық КТК байқауына қатысады (8.4-қосымша).

АӘИУ-де терроризм мен діни экстремизмді тоқтату мақсатында Дін істері басқармасының әлеуметтік бастамасы орталығы қызметкерлерімен ай сайын кездесу өткізіледі.

АӘИУ студенттері «Витамин никотинге қарсы», «СПИД-ке қарсы қозғалыс» акцияларына және «Жан жылуы» қайырымдылық акциясына жастар бөлімінің жетекшілігімен белсене қатысады.

2014 жылдың 25-30 қарашасы күндері, Президент күні мерекесіне орай, АӘИУ студенттері арасында волейбол және баскетболдан спорттық тунир өткізілді.

2014 жылдың 22 қаңтарында университет басшылығы, ПОҚ, студенттер Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын қызу талқылады.

Тәрбие жұмысы мен студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруда бас орынды дене тәрбиесі алады, сондай-ақ өнер, әдебиет, музыкамен байланысты іс-шараларға, жастар үйірмелері қызметіне, қозғалыстарға белсене қатысады. Біздің студенттеріміздің жетістіктерінің көрсеткіштері бұған дәлел бола алады (8.7-кесте).

АӘИУ студенттерінің мәдени іс-шараларға қатысуы

 

Іс-шара атауы

Мерзімі және өткізілген орны

Нәтиже

«Тайқазан»фестивалі

2014ж.,Түркістан қаласы

Бірінші орын

«Жайдарман» байқауы

2015ж., Алматы қаласы

Бірінші орын

«Жайдарман» байқауы

2015ж., Шымкент қаласы

Бірінші орын

«Маусымашар» байқауы

2016ж., Астана қаласы

Республикалық лигаға жолдама

Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған аймақтық байқау

2016ж.,Шымкент қаласы

Екінші орын

Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз байқауы

2016ж.,Шымкент қаласы

Бас жүлде

«Арай-2016» жас эстрадаорындау­шылары мен жүргізушілерінің облыстық байқауы

2016ж., Шымкент қаласы

Үшінші орын

 

Бөлісу: