Кафедра меңгерушісі:

Қалықұлов Қ.

 

 

 

 

 


Заман талабына сай академиялық білім мен жоғары оқу орнының интеграциясының негізіндегі мамандарды даярлайтын кафедра. Біздің басты мақсатымыз – экономика саласындағы ғылыми негізде жоғары білімді мамандарды даярлау. Бизнес кафедрасы 2012 жылы қыркүйек айында «Экономика және менеджмент»,  Экономикалық теория және аудит» және  «Қаржы» кафедраларының бірігуі нәтижесінде құрылды.        

Бизнес кафедрасында мынадай мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:

- 5В050600 – Экономика

- 5В050800 - Есеп және аудит

- 5В050900 – Қаржы

- 5В051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару

- 6N0506 - Экономика (магистратура)

- 6N0508 - Есеп және аудит (магистратура) 

       
Қазіргі таңда кафедрада экономика ғылымдарының докторлары, экономика ғылымдарының кандидаттары және магистр оқытушылар қызмет атқарады. Атап айтсақ, «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік  грант иегері э.ғ.к., доцент Қалықұлов Қ.М., э.ғ.к., доцент Ускенов М.К. сияқты ғалымдар сонымен қатар   э.ғ.к., аға оқытушы Ертаев Е.Ж., э.ғ.к., аға оқытушы Тұрлыбекова А., э.ғ.к., доцент Байтугелов О.Б.,   э.ғ.к., доцент Исахметова А.Н., э.ғ.к., аға оқытушы Әлзақ  А., аға оқытушылар мен магистрлар Сатыбалдина А., Сейітова В., Бастарова Ұ., Танабаева Г.Т, Сапарбаева С. А., Оразбаева А.Б., Муталиева А, Мұхамедханова А. дәріс береді.   

«Бизнес» кафедрасы  мамандығының түлектері мемлекетік мекемелердің, холдингтердің, акционерліқ қоғамдардың, өндірістік компаниялардың, банктердің, сақтандыру, зейнеткерлік қорларда, қызмет көрсету кәсіпорындарының басқарушылар, қаржы директорлар, бас бухгалтерлер, қаржылық-несиелік сектордың басқарушылық құрылымының экономист-бухгалтерлері, бухгалтер-кассир, әлеуметтік салаларының бухгалтері болып қызмет атқара алады.                

«Бизнес» кафедрасында USAID  халықаралық дамыту жобасы бойынша  CAP/CIPA  қаржыгерлерді кәсіби сертификаттау бағдарламасы 2 айлық курсты шет ел (Америка, Англия және ТМД) мамандарымен бірге университет деңгейінде ұйымдастырып, облыстағы ұйымдар мен мекемелердің қаржыгерлері (25 тыңдаушы), CAP/CIPA халықаралық стандарт бойынша оқытып, куәлігі берілді.      
2012 жылы да ҚР Қаржы министрлігі тарапынан жоспарланған тапсырыс бойынша, облыстағы қаржыгерлерді Халықаралық деңгейде «Кәсіби бизнес» деңгейіне сертификациялау мақсатында 3 апталық курстық тренинг-семинары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті деңгейінде өтті.

Кафедраның барлық оқытушылары ғылыми –зерттеу жұмыстарымен шұғылданып еліміздің экономикалық тұрғыдан дамуының өзекті мәселелерін қамтуда. Біздің кафедра облысымызда экономикалық мамандарды даярлаумен айналысатын озық кафедраларының қатарында .

  

 

   

 

 

Бөлісу: