Кафедра меңгерушісі:

Джунисбеков Джуман Сагимбекович
ф-м.ғ.к., аға оқытушы

Жалпы мәлімет

 

 

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті (ХҚТУ) сенатының шешімі негізінде (28.09.1994ж.) университетінің Шымкент бөлімінде 28.09.1994 жылдан  «Материалтану» кафедрасы  (11.0.1994ж. №206Л  бұйрық)  құрылды.

Кафедраның ұйымдастырушысы және тұңғыш меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Мұқанұлы Исламқұлов болды.

ХҚТУ ШБ ғылыми кеңесінің шешімі (06.09.1995ж.) негізінде кафедра 1995 жылы қазанның 1-нен «Машина жасау технологиясы және сызу» кафедрасы болып қайта құрылды (24.10.1995ж.230-л бұйрық).

14.05.1997 жылы кафедраның құрамына «Механика» мамандығы беріліп кафедраның аты «Механика» кафедрасы болып өзгертілді (№89-л бұйрық).

Кафедра облысымыздың зауыттар мен Акционерлік қоғамдарымен және облыстық «Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығымен» тығыз байланыста болып, «Электроаппарат» акционерлік қоғамында кафедраның филиалын ашты.

1997-1998 оқу жылында кафедраның тұңғыш бітірушілері университеттің «Механика» мамандығы бойынша жоғарғы білім алып шықты.1998-1999, 1999-2000 оқу жылдарында «Механика» және «Машина жасау технологиясы» мамандықтары бойынша жоғарғы білімді мамандар дайындалды.

1998-1999 оқу жылы «Механика» кафедрасы негізінде, университетте Азық-түлік өнеркәсібінде «Стандарттау жіне сертификаттау» мамандығы ашылды.

2000-2001 оқу жылында 1601 – өнеркәсіп тауарлары мен  қызметттерін стандарттау және сертификаттау, 4207 – қоғамдық тамақтану азық-түліктерінің технологиясы мамандықтары бойынша студенттер қабылданды.

Кафедра 2004-2005 оқу жылынан бастап 050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығын дайындауға студенттер қабылданды.

1994-1998 оқу жылдарында т.ғ.д., профессор Қ.М.Исламқұлов кафедраны басқарды.

1998-2003 оқу жылы аралығында кафедраны ф.-м.ғ.к., доцент Ж.Қ.Құлтұрсынов басқарды.

2003-2004 оқу жылында кафедраны т.ғ.к.О.Үмбетов басқарды.

2004-2005 оқу жылында кафедраны т.ғ.к., аға оқытушы Сейткулов А.Р.

2005-2006 оқу жылында кафедраны т.ғ.к., аға оқытушы Ж.Жүнісбеков басқаруда.

2011-2012 оқу жылында университеттің «Информатика», «Математика», «Физика» және «Механика» кафедралары біріктіріліп, «Физика және математика» кафедрасы болып аталды,

2012-2013 оқу жылынан «Ақпараттандыру және стандарттау» кафедрасы болып аталды.

Қазіргі таңда кафедра құрамында 13 оқытушы-профессорлар (оның ішінде 2 - ғылым докторы, 6 - ғылым кандидаты), 1 лаборант қызмет атқарады.

Кафедрада:

  • 5В060100 – Математика,
  • 5В010900 - Математика,
  • 5В011000 - Физика,
  • 5В011100 - Информатика,
  • 5В070300 - Ақпараттық жүйе,
  • 5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтары бойынша бакалаврлар,
  • 6М060100 - Математика,
  • 6М011000 - Физика,
  • 6М073200 - Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтары бойынша магистранттар даярлайды.

Кафедрадағы профессор-оқытушы құрамы:

Бөлісу: