Асабаев Чапай Асабайұлы - кафедра меңгерушісі

«Биология және химия» кафедрасы 2012оқу жылы ашылды. Кафедра 5В011200-Химия,5В011300–Биология бакалаврын және 6М011200-Химия,6М011300–Биологиямамандықтарынан ғылым магистрларын дайындайды. Кафедраны биология ғылымдарының кандидаты, дотцент Ч.Асабаевбасқарады.

Кафедрада 27 профессор – оқытушылар: оның ішінде ғылым доктор, профессор–4; ғылым кандидаттары-12, соның ішінде доцент-5, ғылым магистрі – 8, аға оқытушы - 3, жұмыс істейді. Кафедрада ғылыми дәрежесі және атағы бар оқытушылардың үлесі 59,2 % құрайды.

Профессор-оқытушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен үздіксіз айналысады. Халықаралық және Республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми мақалалары мен оқу-әдістемелік материалдарын ғылыми басылым беттерінде жүйелі түрде жариялап келеді.

5В011200 – Химия мамандығы

Кафедра 5В011200 – Химия мамандығы бойынша бітірген түлектерге химия бакалавры академиялық дәрежесін береді.

«Химия бакалавры» біліктілігі бойынша бітірушілер мынадай қызметтерді атқара алады: - химиялық және педагогикалық салалардағы ғылыми-зерттеу ұйымдарында аға лаборант, лаборант, маман және т.б; - химия пәнінің оқытушысы, директор, ғылым, оқу және тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасары, оқу-тәрбие орындарында, жалпы орта білім беру, кәсіби техникалық білім беру, арнайы орта білім беру, оқу орындарымен қатар мектептен тыс және қосымша білім беру мен тәрбиелеу ұйымдарында педагогикалық жұмыстарға теңестірілген басқа жұмыстарда кәсіби шеберхана басшысы, үйірме жетекшісі, аға тәрбиеші, аға вожатый және т.б.

5В011200 – Химия мамандығы бойынша «Жас химик» үйірмесі жұмыс жасайды. Студенттердің ғылыми жұмыстарын жүргізуге материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген және оларды жүргізуге жағдай жасалған.

Студенттердің ғылыми зерттеу үйірмесі жұмыстарын, лаборатория, практикалық  сабақтары кафедра оқытушылары жетекшілігімен жүргізеді. Лабораториялық жұмыстарды студенттер бар қызығушылығымен өздерінің сабаққа деген ынталарын, талаптарын таныта отырып, түрлі мәселелерді қозғай білуі тиіс.

5В011300 – Биология мамандығы

Кафедра 5В011300 – Биология мамандығы бойынша бітірген түлектерге биология бакалавры академиялық дәрежесін береді. Биология бакалавры мынадай қызметтерді атқара алады: - білім беру саласы (орта мектепте, лицейде, гимназияда, колледжде биология мұғалімі); - басқару (білім беру департаментінде, әкімшілікте, көгалдандыру, экология мекемелерінде және т.б.); - ғылыми зерттеу саласы (биологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарында ботаника, зоология, адам анатомиясы, адам және жануарлар физиологиясы, экология, топырақтану, генетика, молекулалық биология, биотехнология, салауаттану т.б.).

5В011300 – Биология мамандығы бойынша «Жас натуралист» үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірме екі бағытта жұмыс атқарады. 1-бағыты: Биология пәнін үйретудің белсенді түрлері мен әдістері; Интербелсенді әдістерді биология сабағында қолдануды дамыту; Студенттерді өз бетінше ізденіс-зерттеу тәжірибелеріне, педагогикалық кәсіби шеберліктеріне бағыттап, жетілдіру. 2-бағыты: Оңтүстік өңірде өсірілетін өсімдіктердің алуан түрлілігі: Өсімдіктерді бөлме жағдайына алдын-ала дайындау; Ғимарат ауласында сәндік талдарды өсіру жолдарын арттыру.

 

 

 
Бөлісу: