Экология кафедрасының меңгерушісі

х.ғ.к., доцент Жылысбаева Аққоңыр Нұрділләқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Экология» кафедрасының тарихы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институты кезіндегі «Жалпы биология және экология» кафедрасынан және сол университет негізінде 2009 жылы Аймақтық инновациялық университетінің құрылу кезінен бастау алады.

Кафедра құрамында жоғары білікті мамандар жұмыс атқарады. Профессор оқытушылар құрамын 2 профессор, 9 ғылым кандидаты, 5 доцент және 9 магистр оқытушылар құрайды. Кафедраның 2 оқытушысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының жеңімпазы (т.ғ.к., доцент Қыстаубаев Е.И. және х.ғ.к., доцент Жылысбаева А.Н.)

Кафедра меңгерушісі Жылысбаева Аққоңыр Нұрділләқызы- химия ғылымдарының кандидаты, доцент, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантынекі мәрте 2009 ж. және 2015ж. жеңіп алған, ҚР Білім және ғылым министрлігінің дарынды жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы сыйлықтың лауреаты. 

Кафедра жаратылыс ғылымдары бағыты бойынша 5В060700-Биология, 5В060800–Экология бакалавры мамандықтарын  және 6М060700-Биология, 6М060800–Экология, 6М060600-Химия  мамандықтары бойынша ғылым магистрларын дайындайды.

Білім беру жүйесі кредиттік технология бойынша іске асырылады. Кафедрада дайындалатын мамандықтардың толық білім алып шығуына барлық жағдайлар жасалған. Оқу кабинеттері мен зертханалар  заман талабына сай жабдықталған, 3D визуальді кабинет, 3 ғылыми-зерттеу лабораториялары бар.

Кафедра оқытушылары оқытушылық қызметпен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысады. Кафедра оқытушылары Халықаралық Еуропалық комиссияның (ЕАСЕА) «Интегрированное управление водооборотом: повышение способности, квалификации и влияния в образовании и бизнесе» тақырыбындағы №530718 Темпус бағдарламасы бойынша жобаға қатысты (2012-2015ж.ж.) және «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында Көксарай су реттегіші қоршаған ортасы компоненттерінің экологиялық жағдайы жөнінде мәліметтердің ақпараттық базасын жасау» тақырыбындағы ғылыми жоба орындалуда (2016-2017ж.ж.). 

 

 

Бөлісу: