Кафедраның меңгерушісі

Ахмет Лаура Сматуллақызы

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

 

 

 

 

Жалпы мәлімет

 «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының тарихы  2008 ж.  – Шымкент-әлеуметтік педагогикалық университетінің құрылу  кезеңінен бастау алады.

 «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының құрамы білікті педагогтармен жасақталған. Оның ішінде, ғылым докторы, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер және магистрлер мен тәжірибелі оқытушылар білім алушыларға дәріс береді. Кафедраның ғылыми тақырыбы бойынша 2012-2013 оқу жылынан бастап «Білім берудің жаңа инновациялық технология бағыттарына сай педагог кадрларының шығармашылық қабілеттерін жетілдіру» атты ғылыми тақырыта профессор оқытушылар жұмыс атқаруда.   

     Кафедра оқытушылары дәріс берумен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады, сонымен бірге студенттердің ғылыми және шығармашылық үйірмелеріне жетекшілік етеді.

        Қазіргі таңда кафедраның меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ахмет Лаура Сматуллақызы, жоғары мектеп педагогикасында жұмыс тәжірибесі мол адам, кәсіптік педагогика бойынша теориялық және қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру саласының маманы. Ахмет Лаура Сматуллақызыоқытушылардың, магистранттардың ғылыми-әдістемелік мәселелерді шешу саласындағы  іс-әрекеттеріне жетекшілік ету мен ұйымдастыруды  табысты жүзеге асыра отырып, ғылым мен практикалық іс-әрекетті тығыз біріктіруге қомақты үлесін қосты. 

        Кафедра 5В01200 - «Кәсіптік оқыту», 5В010700 - «Бейнелеу өнері және сызу», мамандықтары бойынша бакалаврлар оқу мерзімі- 4 жыл және 6M012000 - «Кәсіптік білім» мамандықтары бойынша магистрлар дайындайды.

Білім беру жүйесі кредиттік технология бойынша іске асырылады. Сабақтар мемлекеттік тілде жүргізіледі.Кафедрада дайындық жүргізетін мамандықтар білім алуда жақсы жағдайлар жасалған. Оқу кабинеттері мен зертханалар  заман талабына сәйкес жабдықталған  интернет жүйесіне қосылған 8 компьютер класы, оқу-әдістемелік кабинеттері, тігін цехтары, интерактивті оқытудың комплекcті жүйесі жұмыс жасайды.

Жаңа формация мұғалiмдерiнiң әзiрлеуi үшiн кафедралық пәндердiң сапалы сабақ беруi үшiн қажеттi қазiргi оқу-әдiстемелiк базасы жасалған. Кафедра оқытушыларымен типтiк бағдарламалар және оқу-әдістемелік кешендер дайындалған, оқу және оқу-әдiстемелiк оқу құралдары, әдiстемелiк нұсқаулар жасалынған.

 

Бөлісу: