Кафедра меңгерушісі

PhDдокторы Бердиева Меруерт Аймамбетқызы

 

 

 

 

 

 

 

«Математика, физика және информатика» кафедрасы 2001 жылы құрылды. Бүгінгі таңда кафедра келесі мамандықтар түлектерін дайындайды:

1) 5В060100 – Математика. Академиялық дәрежесі «Жаратылыс ғылымдар маманы бойынша бакалавр».

2) 5В010900 – Математика. Академиялық дәрежесі - «5В010900- Математика» мамандығы бойынша білім бакалавры.

3) 5B011000 – Физика.  Академиялық дәрежесі - «5В011000 - Физика» мамандығы бойынша білім бакалавры.

4) 5B011100 – Информатика. Академиялық дәрежесі - «5В011100 - Информатика» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Сонымен қатар, келесі мамандықтар бойынша магистратура түлектерін дайындайды:

1) 6М060100 – Математика. Академиялық дәрежесі – Математика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

2) 6M011000 – Физика. Академиялық дәрежесі – Физика мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдарының магистрі.

Осыған қоса, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университеттің барлық мамандықтарының студенттеріне «Информатика» жалпы курсы бойынша және Экономикадағы математика, Эконометрика, Математика - экономикалық модельдеу, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика, Дискреттік математика және математикалық логика, және т.б. сабақтарды техникалық және экономикалық мамандықтардың студенттеріне жүргізеді.

Кафедра меңгерушісі қызметіне PhDдокторы Бердиева Меруерт Аймамбетқызы сайланған және кафедрада 43 оқытушы, олардың ішінде 2 ғылым докторы, 8 физика-математика ғылымдарының кандидаттары, 12 педагогика ғылымдарының кандидаты, 5 техника ғылымдарының кандидаты ,   1 аға оқытушы және 15 магистр қызмет етеді.

Қазіргі таңда кафедрада «Жаратылыстану пәндерін оқытудың инновациялық әдістемесі»  мемлекеттік тіркелу №0164РК00067 бағытында ғылыми-ізденіс жұмыстары жүргізілуде. 

 

 

Бөлісу: