АӘИУ Баспасөз қызметінің жетекшісі

Асқаров Үсен Файзуллаұлы

 

1962 жылы 20 шілдеде Өзбекстанның Ташкент облысы Бостандық ауданының  «Домалақ» ауылында дүниеге келген. 

Ташкент мемлекеттік университеті  журналистика факультетінің түлегі.

1991-1993 жылдары Өзбекстан Үкіметі мен Парламентінің қазақ тіліндегі басылымы – «Достық туы» газетінің саяси бөлімінің редакторы.

1997-2006 жылдары – Британияның «Би-Би-Си радиосының Орталық Азия және Кавказ қызметінің тілшісі.

2006-2008 жылдары – Өзбекстандағы 1,5 миллиондық қазақ қауымының жалғыз қоғамдық бірлестігі – Қазақ Ұлттық Мәдени Орталығының төрағасы қызметін атқарды.

2012 жылдың желтоқсан айында отбасымен тарихи Отаны – Қазақстанға көшіп өтті.

2016 жылдың маусым айынан – қазірге дейін Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің Баспасөз қызметінің жетекшісі

ЖЕТІСТІКТЕРІ

Би-Би-Си радиосының тілшісі ретінде қашанда Қазақстан мүдделерін ілгерілетуге күш салғанын, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау кезінде Бағыс ауылының Қазақстанға өтуіне ықпал еткенін, сондай-ақ Лондонның Гайд паркінде бірінші рет  қазақша сөйлеген азамат болғанын (2004 жыл) өзіне үлкен мәртебе санайды. Сол баяндаманың «Мұсылман қауымының Еуропаға миграциясының болашағы» деген тақырыбы  бүгін де өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. 

Өзбекстан Республикасы Қазақ Ұлттық Орталығының төрағасы ретінде Орталықты қазақ қауымына қалыпты  қызмет көрсететін ұйымға  айналдырды. Өз миссиясы кезінде Қазақстанға  оқуға аттанған жастар санын 20-30 дан 1000-ға дейін жеткізді. Бұл студенттер өз достары мен туған-туыстарын тартып, нәтижесінде Өзбекстаннан Атажұртқа қарай ағылған толыққанды білім миграциясы қалыптасты. Ал Өзбекстанның қазақ мектептерінің жағдайын зерттеуге байланысты өткізілген Мониторинг пен оның нәтижелерінің көрші мемлекеттердің тиісті органдарына, сондай-ақ ОБСЕ-нің аз санды ұлттар бойынша Бас комиссарына жеткізілуі Өзбекстандағы қазақ мектептерінің жаппай жабылуының алдын алды.

Отбасылы, 2 ұл 2 қызы бар.

Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен  қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін «10 жыл Астана» медалімен наградталған.

Тұлғалық даму

Мотивация

Креативтік көкжиегі

Карьера

Азаматтық қоғам

Аналитика

Сіз бұны білуіңіз керек 

Бөлісу: