Физика-математика және кәсіби оқыту факультеті

Физика-математика және кәсіби оқыту факультеті

Негізгі ақпарат

«Физика, математика және кәсіптік оқыту» факультетінің деканы

Саттарова Айгүл Мырзаханқызы, Phd доктор









Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің «Жаратылыстану – экономикалық» факультеті 2008 жылы жаратылыстану-экономикалық бағытындағы мамандықтарды дайындау негізіндеқұрылды.

2012-2013 оқу жылынан бастап университеттің атауы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті болып өзгеріп, 2013-2014 оқу жылында АӘИУ-нің «Физика, математика және кәсіптік оқыту» факультеті болып құрылды. Қазіргі таңда факультетке қарасты 2 кафедра жұмыс атқаруда. «Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту», «Физика, математика және информатика» кафедралары.

Аталған факультетте педагогикалық бағыт бойынша жоғары білімді мамандар даярлануда. Студенттердің қазіргі заман талабына сай білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Оқу үрдісінде оқытудың заманауи технологиялары: кредиттік жүйе, кейс-технология, оқытудың интерактивтік және инновациялық әдістері енгізілген.

Факультеттің профессор-оқытушыларының құрамымен жыл сайын 100-ден аса оқулық, оқу құралдары, электрондық оқулық, әдістемелік нұсқаулар шығарылуда. Оның 80%-ы мемлекеттік тілде.

Факультет студенттерінің әскери кафедрада оқуға және академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса отырып, басқа ЖОО-да оқып келуге мүмкіндіктері бар.

АӘИУ-нің «Физика, математика және кәсіптік оқыту» факультетті халықаралық стандартқа сай білім бере отырып, жастардың жан-жақты кәсіби тұлға етіп қалыптасуына жағдай жасайды!