Дене шынықтыру және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы


  • 2016-08-09
  • Корсетілу саны: 1288

 

 

Кафедра меңгерушісі

Алшынбаев Кулалбек Ильясұлы
педагогика ғылымдарының кандидаты,аға оқытушы

 

 

 

 

Жалпы мәлімет

5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын дайындау 23.08.2012ж №1080 ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүргізіледі. Мамандық бойынша студенттер күндізгі және кешкі бөлімдерде оқиды.

Оқу мерзімі:

  • күндізгі бөлім үшін 4 жыл,
  • кешкі бөлім үшін 5 жыл,
  • қысқартылған оқу топтары үшін 3 жыл,
  • жеделдетілген оқу топтары үшін 2 жыл.

5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын бітірген түлектер мектеп және мектепке дейінгі оқу мекемелерінде, колледждерде, орта кәсіптік білім мекемелерінде, дене шынықтыру ұжымдарында, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде және сабақтан тыс уақытта спорт клубтарында дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастырады.

Дене шынықтыру бойынша мемлекеттік-басқару құрылымдарында әдіскер, маман, әкімшілік меңгерушісі, кабинет меңгерушісі және дене шынықтыру ісі бойынша көмекші және т.б. ретінде әкімшілік жұмыстарды орындайды.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалавр маманының негізі қызметі келесі функцияларға байланысты: дене шынықтыру мен дене тәрбиесі мұғалімі ретінде тәрбиелік, білімділік және сауықтыру жұмыстарымен; жаттықтырушы ретінде спорт түрлері бойынша мектепке дейінгі және мектептегі оқу мекемелерінде секция жұмыстарын ұйымдастырумен; жаттықтыру процесін ғылыми тұрғыдан негізделген әдіс тәсілдермен қамтамасыз етумен; спорттық дайындықты тиімді басқару және түрлі біліктілік дәрежесіндегі спортшылардың нәтижелерімен; ұйымдастыру қызметі дене шынықтыру мен спорт бойынша оқу орындарында, басқа мекемелерде, клубтарда спорттық мерекелік шараларды өткізумен және жарыстарға төрешілік жасаумен.

 Кафедра тарихы

Дене шынықтыру және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы 6М010800/5В010800- дене шынықтыру және спорт, 5В050100- әлеуметтану, 6М050200/5В010200- саясаттану мамандығы бойынша болашақ бакалавр, магистр мамандарын дайындайды. Кафедраны п.ғ.к., аға оқытушы К.И.Алшынбаев басқарады. Кафедрада білікті де тәжірибелі оқытушы профессорлар қызмет атқарады. Атап айтқанда 5В010800- дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша п.ғ.д., профессор Ж.К. Оңалбек, п.ғ.д., А. Қарақов, п.ғ.к., профессор Н.О.Ордабаев, профессор А.Асубаев, п.ғ.к., профессор С.А.Тукиев,  т.б., 5В050100- әлеуметтану, 5В010200- саясаттану мамандықтары бойынша – философ.ғ.д., профессор С.Ш. Тлеубаев, филос.ғ.к., доцент О.Нұсқабаев, филос.ғ.к., университет профессоры  С.Садыков, соц.ғ.к., аға оқытушы Б.Сағындықова т.б. жемісті еңбек етіп жүр. Сондай- ақ кафедрада 17 Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы  мамандар мен 6 аға оқытушы магистр, 5 магистр оқытушылар дәріс береді.  5В010800- дене шынықтыру және спорт мамандығында білім алған және білім алып жатқан көптеген студенттер ҚР біріншіліктерінде,  Азия, Әлем біріншіліктерінде, олимпиада ойындарында өнер көрсетіп ел намысын қорғап жүр.

Атап айтқанда:

  • Оспанов Арман ережесіз жекпе- жектен әлемнің 3 дүркін жеңімпазы.
  • Ергешова Феруза Таэквандодан Азия чемпионы, Лондон олимпиадасына қатысушы.
  • Сұлтанбеков Даулет Ескек есуден Азия чемпионы, Рио-Де-Жанейро олимпиада жолдамасының иегері.
  • Файзоллаева Майра ауыр атлетикадан Азия біріншілігінің қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
  • Емельянов Тимофей Ескек есуден Азия біріншілігінің жеңімпазы.
  • Саменов Нұрлыбек ауыр атлетикадан 2015 жылғы ЖОО универсиаданың қола жүлдегері, спорт шебері.
  • Әшім Зайд ауыр атлетикадан 2015 жылғы ЖОО универсиаданың қола жүлдегері, спорт шебері.
  • Алимбетова Назерке еркін күрестен ҚР біріншілігінің жеңімпазы, спорт шебері.
  • Есен Бекболат Бокстан жастар арасында ҚР біріншілігінің жүлдегері, спорт шебері.
  • Түлкібек Айдана жеңіл атлетикадан ҚР біріншілігінің жүлдегері, спорт шеберлігіне үміткер.
  • Мухиддинов Атабек пауэрлифтингтен Азия біріншілігінің жеңімпазы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
  • Чумакин Никита пауэрлифтингтен ҚР біріншілігінің жүлдегері, спорт шебері.
  • Бауыржанқызы Дина каратэ- до дан Азия біріншілігінің күміс жүлдегері, спорт шебері.
  • Ақтаев Талғат- қол күрестен Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
  • Рустембек Талғатбек- қол күрестен Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
  • Айдархан Нұрдәулет- қол қүрестен Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
  • Анықбай Беймен- қол күрестен Азия біріншілігінің күміс жүлдегері, спорт шебері;

Сейдулла Бекайдар қол күрестен Азия біріншілігінің қола жүлдегері, спорт шебері.