Өнер кафедрасы


  • 2016-08-09
  • Корсетілу саны: 1110

"Өнер" кафедрасының меңгерушісі

Омаров Бегжан Еркебайұлы, аға оқытушы














Кафедра тарихы

Қазіргі таңда «Өнер» кафедрасында ғылым докторы-профессор, ғылым кандидаттары, ҚР дизайнерлер одағының мүшелері, ҚР суретшілер және сәулетшілер одағының мүшелері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары, дизайн және педагогика магистрлары, тәжрибелі оқытушылар қызмет атқарады.

Кафедра Шымкент педагогикалық институты құрамында «Дизайн» кафедрасы аталып 1993 жылы Құрылған. Министрлік тарапынан ЖОО қайта құру барысында, ХҚТУ Шымкент бөлімі болып жөғары оқу орынының ата өзгерді. 2008 жылы ҚР БжҒМ қаулысымен Академиялық инновациялық университеті болып аты өзгертілді. 2012-2013 оқу жылынан бастап Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті құрамында «Өнер» кафедрасы аталып «Дизайн», «Бейнелеу өнері және сызу», «Хореография», «Графика», «Музыкалық білім» мамандықтары бойынша студенттерді оқытады.

Кафедрада болашақ өнер мамандарының шығармашылық және ғылыми-ізденіс жұмыстарына қабілеттерін арттыру үшін толық жағдай жасалған. Кітапхана және ақпарат орталығында өнер мамандықтарының негізгі және қосымша әдебиеттер қоры талаптарға сай жинақталған. Кәсіптік пәндер дәрістері арнайы мамандырылған дәрісханаларда өтеді. Кафедра оқу үрдісі компьютерлік сыныптармен, интербелсенді дәрісханалармен, арнайы пәндер шеберханалармен қамтылған. Білім беру процесін жүргізу барысына жылдам интернет жүйесі қосылған. Студенттердің кәсіби білімін дамытуға мамандырылған компьютерлік бағдарламалар енгізілген - COREL DRAW, PHOTOSHOP, AUTOCAD, ARHICAD, 3D MAX. Білім алушылар графикалық бағдарламаларын қолданып арнайы пәндер тапсырмаларын, курстық және дипломдық жұмыс туындыларының нәтижелерін қалалық және облыстық көрмелеріне үсынады. «Өнер» кафедрасының оҚытушылар мен студенттері халықаралық және республикалық би байқаулардың лауреаты мен жеңімпаздары, көптеген қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі дизайн, сәулет, графика, ән, қол өнер, көркемсурет бағыттарында өткізілген көрмелер мен байқаулардың жүлдегерлері.

Кафедра мамандықтарының сипаттамасы

5В042100.01-Сәулет дизайны. Жобалау әрекетінің нысаны заттық-кеңістіктік кешендер, үй мен ғимараттардың ішкі кеңістігі, ашық қала кеңістігі мен саябақтық ансамбль, заттық ландшафттық, жарықтануы болып табылады.

Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін орта дизайны саласының маманы сәулеттік жобалауда, интерьер мен экстерьерді жобалауда т.б.қызмет атқаруына болады.

5В042100.02-Жарнама дизайны. Жобалау әрекетінің нысаны өндіріс өнімдерінің үлгілерін, оның ішінде полиграфия басылымдарын (кітап, плакат және жарнама өнімдері), қаптама және этикетка шешімдерін, фирмалық белгі мен фирмалық стилдерді, логотиптерді шрифт пен ою-өрнектрді жасап шығару болып табылады.

Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін графикалық дизайн маманы жарнама, полиграфия, ақпараттық технология, т.б.салаларында жемісті қызмет атқаруына болады.

5В042100.03-Өндірістік дизайны.

Өндірістік дизайны мамандығы – бүгінгі заман талабына сай тереңдетіп оқытуды талап ететін мамандық. Өндірістік дизайны мамандығы бұйымдардың дизайнерлік бағытын, конструкциялық құрылымын, әдістері мен ерекшеліктерін үлгімен жұмыс істеуді, өңделу технологиясын ашып, практика жүзінде көрсетуді қажет етеді. Бәсекеге қабілетті маман даярлау барысында кәсіби шығарамашылығының жетілуін қамтамасыз ету, жаңа заман талабына сай дизайнерлік бағытта сапалы бұйым дайындау, сонымен қатар жаңа сән үлгілерін дайындауда прогрессивті және перспективті қоғамның «Адам, киім, орта» жүйесінде бұйымның формасын шығармашылық тұрғыда ойластыру, ондағы мата фактурасы, мата түсін таңдау, сән бағытына батыл қарау, таңдай білу, сәндегі жаңа бағытты дұрыс түсінуді үйретеді.

5В040900 «Хореография» мамандығы бойынша түлектердің кәсіби қызметінің обьектісі - өнер колледждері, шығармашылық орталықтар, мәдениет сарайлары мен үйлері, балалар ұйымдары, студиялар, клубтар, білім беру мекеме орталықтары жатады. Оқу мерзімі – 4 жыл. Мамандық бойынша бакалаврдың кәсіби саласы – мәдениет, білім беру, мәдени тынығу жұмысы. «Хореография» бакалавры мынандай қызметтерге орналаса алады: шығармашылық, орындаушылық, балетмейстер – қоюшы, оқытушы – репетитор, ұйымдастырушы- шығармашылық, хореография ұжымының менеджері, шоу-бағдарламаларды ұйымдастырушы, администратор, шығармашылық ұжым директоры,(ауылдық, аулалық талғамы бойынша т.б) хореография пәнінің оқытушысы.

5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша аға оқытушы Айтбекова А.Б., аға оқытушы Асаева К.Т., магистр - оқытушы Бертаев Б.Н. дәріс береді. Оқу мерзімі 4 жыл. «Бейнелеу өнері және сызу» бакалавры мынандай қызметтерге орналаса алады: мектеп және көркемсурет мектептерінде, бала-бақшаларда, колледж,кез-келген оқу орындарында безендіру жұмыстарымен қатар, мектеп оқушыларына дәріс бере алады. Оқу мерзімі 4 жыл.