Жалпы педагогика кафедрасы
Кафедра меңгерушісі
Утебаева Әлия Түлкібайқызы
Педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
Кафедра тарихы
«Педагогика және психология» кафедрасы 2000 жылы құрылған және АӘИУ негізгі кафедралардың бірі болып есептеледі. Кафедра 5В010300- «Педагогика және психология»,5В012300-«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары бойынша бакалавриат және 6М010300-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистр мамандарды дайындауды жүзеге асырады. Кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы А.Т.Утебаева басқарып келеді. Аталған мамандықтар бойынша білім алып шыққан түлектер республикамыздың түкпір-түкпірінде және көршілес Өзбекстан Республикасында мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында жас ұрпақ тәрбиелеу жолында ұстаздық қызмет атқарып жүр. «Педагогика және психология» кафедрасы оқытушы-профессорлары университетінің барлық мамандықтарында дәріс жүргізеді. Қазіргі таңда кафедрада 2 ғылым докторы-профессор, 1-Phd доктор, 11 ғылым кандидаты, 1 аға оқытушы, 12 магистр-оқытушы қызмет істейді
.