Жаратылыстану және музыкалық білім факультеті

Жаратылыстану және музыкалық білім факультеті

Негізгі ақпарат

Жаратылыстану және музыкалық білім» факультеті

Факультет деканы

Бейсенова Гульбахрам Исмаиловна

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Факультет кафедралары:

Биология және химия кафедрасы

Музыкалық білім кафедрасы

Факультет дайындайтын білім беру бағдарламалары:

1. 6В01403 –Музыкалық білім

2. 6В01504 – Химия;

3. 6В01505 – Биология;

4. 6В01507 – Химия-Биология;

5. 6В05101 – Биология;

6. 6В05204 – Экология;

Факультет төмендегідей білім беру бағдарламалары бойынша магистрлер даярлайды:

1. 7М01504 – Химия;

2. 7М01505 – Биология;

3. 7М05101 – Биология;

4. 7М05204 – Экология;

Жалпы мәліметтер

«Жаратылыстану-педагогикалық» факультеті университет құрамында 1997 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. «Жаратылыстану және музыкалық білім» факультеті деген жаңа атаумен 2019 жылдың тамыз айының 29-шы жұлдызынан бастап құрылды. Факультетімізді бітірген студенттер облысымыздың және Республикамыздың басқа да қалаларында көптеген сала бойынша қызмет атқаруда: жоғары оқу орындарында, мектептерде, коммерциялық фирмаларда, қалалық және облыстық әкімшілік аппараттарында және т.б. мекемелерде. Факультеттің жұмыс барысы Қазақстан Республикасының Ата заңына, ҚР-ның «Білім» туралы Заңына, ҚР Білім және ғылым министрлігінің типтік ережелеріне сәйкес және ЖОО-ның Ережесін және университет Жарғысын, университеттің тәрбие жұмысының жоспарын басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.

Факультетке қарасты кафедралар құрамында белгілі ғалымдар және тәжірибелі педагогтар қызмет атқарады. Ғылыми-педагогикалық қызметпен 77 профессор-оқытушылар құрамы жұмыс жүргізуде: оның ішінде ғылым докторы, профессор - 9; ғылым кандидаттары, доцент - 36, ғылым магистрі - 29, аға оқытушы -5. Факультет бойынша ғылыми дәреже атағы бар оқытушылардың үлесі 60% құрайды. Факультетте оқу үдерісі оқытудың жаңа жүйесі кредиттік технология негізінде жүргізіледі. Факультеттің материалдық-техникалық базасы, мамандар әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай келеді.

Бүгінгі таңда факультетте «Жас натуралист», «Жас химик», «Биосфера» «Жігіттер квартеті» үйірмелері жұмыс істейді. Факультет жанынан құралған «Миллион», «Күйдіргілер», «Шым-life» және «Ерекше жандар» КТК командалары факультеттің намысын қорғауда.

Факультетте студенттері заман талабына сай білім алып, білікті маман болып жетілуі үшін университет тарапынан барлық жағдай жасалған. Факультеттің 20-ға жуық студентіне отбасы жағдайына, ғылыми-зерттеу және көркем-шығармашылық жұмыстарының нәтижесі бойынша оқу төлемақысына 25%-100%-дейінгі жеңілдіктер берілген.

Оқу процесі техникалық жабдықтармен, интернет жүйесіне қосылған компьютер орталығымен, оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз етілген. Университетімізде 6В01505 – Биология, 6В01507 – Химия-Биология, 6В05101 – Биология; 7М01505 – Биология, 7М05101 – Биология мамандықтары үшін жылыжай іске қосылды. Студенттердің сабақтан тыс уақытта өнермен, спортпен айналысуына толық жағдай жасалған. Университетте 500 орындық «Студенттер үйі» жұмыс істейді.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы 5 негізгі басымдықты жүзеге асыру мақсатында кафедралардың ғылыми бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми жобаларының жетекшілері мен орындаушылары анықталып, факультеттің ғылыми-зерттеу жоспары дайындалды және бекітілді.

Факультет кафедраларында дайындалған профессор-оқытушылар құрамының, магистрлардың, студенттердің, магистранттардың, жас ғалымдардың ғылыми еңбектері республикалық, халықаралық деңгейдегі конференцияларда, форумдарда, конкурстарда, ТМД елдерінің басылымдарында, алыс және жақын шетелдерде, импакт факторы бар ғылыми журналдарда, Бақылау Комитетінің (ЖАК) бекіткен басылымдарында жарияланып отырады.

Факультеттің жұмыс жоспарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы бойынша «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында бітіруші түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету және жұмысқа орналасу деңгейін арттыру мақсатында жұмыс берушілермен кездесу 2019 жылдың қараша айына жоспарланған.

Факультеттің тәрбие жұмысының жоспары 7 бағытта: қоғамдық, адамгершілік-рухани, салауатты өмір салты, эстетикалық, ұлттық-рухани және патриоттық, құқықтық, экологиялық тәрбиені жүргізу бойынша жұмыс жүргізеді.


Уртаева Назгүл Қолдасқызы

Оқу-тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары


Искакова Азиза Исақызы

Ғылыми істер жөніндегі декан орынбасары


Қуаныш Лаура Сейітханқызы факультет хатшысы