Баспасөз қызметі


  • 2016-09-24
  • Корсетілу саны: 2076

АӘИУ Баспасөз қызметінің жетекшісі

Кенжебаева Мөлдір Мамырбайқызы

Әлеуметтік ғылымдарының магистрі

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және сайт қолданушылары!

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің баспасөз қызметі әрдайым сіздермен бірге! Өздеріңізге қажетті ақпараттарды ұсынуға дайынбыз. Қайсыбір ақпарат сіздер үшін. Біздің баспасөз қызметі Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың "Газет – халықтыңкөзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді" деген сөзімен мағыналас қағидамен жұмыс жасайды. Бұл сөз ХХ ғасырда қандай өзекті болса, қазіргі ХХІ ғасырда да өзектілігін жойған жоқ. Яғни, бүгінде мерзімді басылымдардың рөлі электронды БАҚ-на ауысып жатыр. Сіздермен сайт арқылы жан-жақты тілдесетін боламыз.

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің баспасөз қызметінің ерекшеліктері:

- шынайылық
- ақпаратты жедел тарату;
- принциптілік;
- ақпаратты дер кезінде беру;
- барынша толық ақпарат тарату;
- жұмыс уақытын тиімді пайдалану.

Біздің бөлімнен
баспасөз хабарламаларын;
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің жаңалықтарына жазылу;
аккредитациядан өту (өтініш үлгісі);
ақпаратты тарату;
талқылауға тақырыптар;
фото-бейнематериалдар;
дайджест: ақпараттарға жасалған скриндер мен сайттарға сілтемелерді көре аласыздар.

Сіздер
ұсынылған ресурсқа Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті жөніндегі жеке ақпараттарыңызды бере аласыздар немесе rsiu2012@mail.ru электрондық поштасына өздеріңіздің өтініштеріңізді, ұсыныстарыңызды, тілектеріңізді жібере аласыздар.

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің аумағында бейнетүсірілімдерін жүргізуге, университет ректорынан интервью және ресми мәлімдеме алуға қатысты сұранымдарыңызды rsiu2012@mail.ru электрондық поштасына жібере аласыздар.


Тұлғалық даму

Мотивация

Креативтік көкжиегі

Карьера

Азаматтық қоғам

Аналитика

Сіз бұны білуіңіз керек