Оқу - әдістемелік кеңес
Оқу-әдістемелік кеңестің жұмысына басшылық жасауды төраға – оқу-әдістемелік жұмыс және қашықтықтан оқыту жөніндегі проректор Т. ғ. к., Ж. А. Тлеукеев жүзеге асырады.
Оқу-әдістемелік кеңестің хатшысы - магистр, Мырзалиева Г. Б.
Негізгі мақсаты
Оқу-әдістемелік кеңес білім алушылар мен оқытушылардың қанағаттанушылық дәрежесін және қоғамның қажеттіліктерін талдау негізінде университеттегі әдістемелік жұмысты үйлестіретін Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетте басқарудың алқалық органдарының бірі болып табылады. ОӘК мамандарды кәсіби даярлауда оқу процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге ықпал етеді.
Қызметтің нормативтік негіздері.
Оқу-әдістемелік кеңес өз қызметінде басшылыққа алады:
1. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы",
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы "21" желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметінің үлгілік ережесіне және оны сайлау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу-әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері
Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады:
1) оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету сапасының мониторингін ұйымдастыру;
2) университетте шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды жоспарлау, сараптауды ұйымдастыру және баспаға ұсыну;
3) университетте Оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;
4) факультеттерде (жоғары мектептерде) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру бойынша озық тәжірибені жинақтау және тарату);
5) Педагогикалық және ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру, оқу процесінің мазмұнын талдау;
6) сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу процесіне әдістемелік әзірлемелердің нәтижелерін енгізу бойынша ұсынымдар дайындау;
7) факультеттерде (жоғары мектептерде) әдістемелік жұмыстарды үйлестіру);
8) университет кафедраларында оқытудың жаңа технологияларын, әдістерін, құралдарын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
9) педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіру;
10) білім беруді дамыту және оны іске асырудың басым бағыттарын қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.