Кітапхана туралы
КІТАПХАНА ҚОРЫ - АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі бола отырып, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық құжаттармен, әрбір білім алушылардың ақпараттық білім беру ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді (38-қосымша).
Кітапхананың ақпараттық қорлары кез келген тасымалдағыштарда толық мәтінді деректер қорын, дәстүрлі және электронды кітапханалық каталогтарды, білім беру мақсатында пайдаланылатын электрондық ресурстарды қамтиды. Бүгінгі таңда 507,4 мың теңгеге ИРБИС64 жүйесі сатып алынды.
Оқу-әдістемелік әдебиеттерге оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік құралдар, дидактикалық, көрнекілік құралдар, оқу-әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулықтар немесе оқу пәндеріне ұсынымдар, зертханалық, курстық, дипломдық және басқа да жазба жұмыс түрлерін орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, анықтамалық құралдар мен оқу пәндері бойынша басылымдар жатады.
ЖОО кітапханасының ғылыми қоры оқыту бейіндері бойынша монографияларды, энциклопедияларды, сөздіктерді, анықтамалықтарды, шолуларды, әдеби шығармаларды, бағдарлама бойынша оқытылатын заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді, мерзімді басылымдарды, оның ішінде, білім беру ұйымдарының хабаршыларын, халықаралық конференциялардың ғылыми еңбектерінің жинақтарын қамтиды.
Бірыңғай кітапханада оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер
қоры 1 157 756 бірлікті құрайды, оның ішінде 958 303 данасы, яғни 82,7%-ы мемлекеттік тілде.
Кітапхана қорында оқу және ғылыми басылымдар жаратылыстану ғылыми, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, филологиялық ғылымдар, психология және педагогика, көркем әдебиет, электрондық, магниттік тасымалдаушылар басылымдары мемлекеттік, орыс және, ағылшын тілдеріндегі мерзімді басылымдар бойынша ұсынылған.
Кітапханалық қордың өсу динамикасы
Оқу әдебиеттерінің қоры 945574 дананы құрайды, оларды ішінде мемлекеттік тілдегісі – 757 650 дана. 83 028 дананы құрайтын оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының 82 011 данасы мемлекеттік тілде дайындалған. Ғылыми әдебиеттер қоры 129153 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі – 118642 дана.
Әдебиет түрлері бойынша кітапхана қоры
|
2012-2013 оқу ж. |
2013-2014оқу ж. |
2014-2015оқу ж. |
2015-2016 оқу ж. |
||||
бар- лығы |
қаз. тілін. |
бар- лығы |
қаз. тілін. |
бар- лығы |
қаз. тілін. |
бар- лығы |
қаз. тілін. |
|
Оқу.әдебиет.: |
605195 |
463843 |
662665 |
506366 |
711952 |
551272 |
945574 |
757650 |
-жалпы біл.бер. |
198823 |
152385 |
210639 |
170343 |
231511 |
190269 |
310158 |
251953 |
-базалық |
208714 |
159616 |
241270 |
178515 |
256580 |
190757 |
335191 |
272550 |
-бейіндік |
197658 |
151842 |
210756 |
157504 |
223861 |
170246 |
300225 |
233147 |
Оқу-әдіс. әдеб.: |
60801 |
56821 |
69834 |
67821 |
75643 |
73524 |
83029 |
82011 |
-жалпы біл.бер. |
20963 |
18841 |
22874 |
20752 |
25161 |
22375 |
27502 |
26658 |
-базалық |
21297 |
20546 |
26085 |
25334 |
28045 |
28508 |
30656 |
30337 |
-бейіндік |
18541 |
17434 |
20875 |
20268 |
22437 |
22641 |
24871 |
25016 |
Ғылыми. әдеб.: |
84625 |
74432 |
97632 |
91416 |
109136 |
101401 |
129153 |
118642 |
-жалпы біл.бер. |
28667 |
22806 |
32211 |
29012 |
35874 |
34054 |
42889 |
40083 |
-базалық |
29218 |
26144 |
34564 |
30921 |
39178 |
34805 |
45051 |
41547 |
-бейіндік |
26740 |
23482 |
30857 |
27506 |
34084 |
32542 |
41213 |
37012 |
Электрон. және магн. Тасымал. |
212254 |
183864 |
234116 |
205726 |
259261 |
230871 |
312154 |
263631 |
Мерзім. басыл. қоры |
15482 |
12511 |
17623 |
14652 |
20195 |
17224 |
21873 |
18902 |
Барлығы: |
750621 |
592096 |
830131 |
665603 |
896731 |
726197 |
1157756 |
958303 |
Кітапхананың барлық құрылымдық бөлімшелері қажетті кітапханалық құрал-жабдықтармен және жиһазбен, компьютерлік және көшіру-көбейту техникасымен жабдықталған. Жаңа технологияларды енгізу үшін және ақпараттық ресурстарға қол жеткізуде кітапхананың электронды оқу залында
37 компьютер бар. Сонымен қатар, кітапханалық жұмысты жүзеге асыру үшін
8 компьютер, 4 принтер, 1 ксерокс бөлінген.
2015-2016 оқу жылында оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету келтірілген контингенттің бір студентіне 176,6 бірлікті құрады. Оның ішінде мемлекеттік тілде оқитын студенттердің қамтылуы 146,2 бірлікке тең.
Сонымен қатар, университет оқытушылары, студенттері және магистранттары республикалық ЖОО-аралық электрондық кітапхананың және 2016 жылы университет пен Thomson Reuters компаниясы арасында жасалған келісімшартқа сай Web of Science ақпараттық ресурстарын пайдаланады (8.1-қосымша).
Университеттің оқу және ғылыми үдерістерін қамтамасыз ету үшін және сапалы қорды қалыптастыруда, университеттің бейіні бойынша кітапхана жаңа басылымдармен, оның ішінде – мемлекеттік тілде тұрақты түрде жаңартылып отырады (8.3, 8.4-кестелер).
ЖОО барлық мамандықтары бойынша мерзімді басылымдар қоры салалық басылымдармен қамтамасыз етілген. Кітапханада мерзімді басылымдарға жазылуды жүйелі түрде рәсімдейді. Білім беру бағдарламаларының бейіні бойынша жазылатын басылымдар саны 62 атауды құрайды. Ресми басылымдар санын (ҚР заңнамалық актілер жинақтары, нормативтік құқықтық актілері мен кодекстері) 98 атаулы 3785 дананы құрайды. Қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік мерзімді басылымдар саны – 48 атау мен 2 896 дана. Оның ішінде 46 атау мен 2 760 дана қазақ тілінде. Бейіні бойынша ғылыми мерзімді басылымдарының білім беру бағдарламаларымен іске асырылатын саны – 15 атау мен 908 дана.
Келіп түскен жаңа әдебиеттер көрсеткіші (дана)
Әдебиеттер түрі |
2012-2013 оқу жылы |
2013-2014 оқу жылы |
2014-2015 оқу жылы |
2015-2016 оқу жылы |
Барлығы |
Оқу әдебиеттер |
10641 |
23470 |
27075 |
254745 |
315931 |
Оқу-әдістемелік әдебиеттер |
588 |
5033 |
3709 |
2806 |
12136 |
Ғылыми әдебиеттер |
1312 |
4007 |
1733 |
2474 |
9526 |
Түскені |
12541 |
32510 |
31517 |
261025 |
337593 |
8.4-кесте. Кітапхана қорының жаңартылуы(%)
Әдебиеттер түрі |
2012-2013 оқу жылы |
2013-2014 оқу жылы |
2014-2015 оқу жылы |
2015-2016 оқу жылы |
Оқу әдебиеті |
1,8 |
3,7 |
4,1 |
28,0 |
Оқу-әдістемелік әдебиеттер |
1,0 |
7,6 |
5,3 |
3,9 |
Ғылыми әдебиеттер |
1,6 |
4,5 |
1,9 |
10,3 |
Түскені: |
1,8 |
4,2 |
32,0 |
24,3 |
Кітапханада жүйелі каталог және картотека жүргізіледі. Анықтамалық-іздеу аппараты кітапхана қорының мазмұнын қарауға ықпал етеді.
Компьютерлендіру, кітапханалық-библиографиялық үдерістер автоматтандырылған "ИРБИС" негізінде жүзеге асырылады.
Кітапхана қорына түсетін бүкіл әдебиет, кітапханалық -библиографиялық жіктеу бойынша жүйеленеді.
Оқырмандарға жедел және сапалы қызмет көрсету үшін кітапханада каталог және картотекамен тұрақты жұмыс жүргізіледі.
Облыстық А.С.Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасымен, қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханасымен, облыстық жасөспірімдер кітапханасымен жасалған келісімшарттарға сәйкес осы кітапханалардың ресурстарын студенттер мен оқытушылар пайдалана алады.
Оқырмандарға 4 жерден кітап беретін кітапханалық қызмет көрсететін оқу залында 420 орындық бар, сондай-ақ 37 орындық электронды залда жүзеге асырылады. Пайдаланушыларға электрондық оқу залының электронды және магнитті тасығыштарда (компакт-дискілер, аудио және бейнекассеталар) энциклопедиялар, жол көрсеткіштер, сөздіктер, анықтамалықтар, электронды оқулықтар мен оқу құралдары, рефераттар, оқыту бағдарламалары көру қарастырылған.
Электронды каталогтар және ақпараттық деректер базасын пайдалану бойынша кеңестер өткізіледі; интернет ресурстарына қол жеткізу мәселелері бойынша. Электронды оқу залында университеттің профессор-оқытушылар құрамының электрондық оқулықтар мен басылымдар қоры қалыптастырылады.
Электронды және магнитті тасымалдағыштардағы оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қоры 312 154 дананы құрайды, оның ішінде қазақ тілінде – 263 631дана, жалпы қордың 27%-ын құрайды.
Университет ПОҚ басылымы электрондық тасымалдағыштарда 31257 дананы құрайды, оның ішінде қазақ тілінде – 25 348 дана, жалпы қордан 2,7%-ын құрайды.
Сауалнама ПОҚ-тың электрондық тасымалдағыштардағы басылымдармен қамтамасыз етілуінің қанағаттанарлық дәрежеде екендігін көрсетті.