Әлеуметтік-педагогикалық институт директоры
ДілдабаевҚанатНұржанұлы1973 жылы ОҚО Төлеби ауданында дүниеге келген. 1989 жылы «Екпінді» орта мектебін ,1994 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік бітірген. 1994 – 1999 ж.ж. аралығында аталған университеттің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, 1999 – 2001 жылдары «Әулие Ата» университетінің Шымкент филиалында аға оқытушы болып жұмыс жасады. 2001 жылдың сәуірінен2012 жылдың тамызына дейін Шымкент әлеуметтік – педагогикалық университетінде кафедра меңгерушісі, факультет деканының орынбасары, оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2012 жылдың қыркүйегі мен 2016 жылдың қараша айына дейін Аймақтық әлеуметтік – инновациялық университетінде Сырттай,кешкіжәне қашықтықтан оқыту факультетінің деканы болып жұмыс жасады. Қазіргі таңда аталған университеттің Әлеуметтік – педагогикалық институтының директоры. 2015 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша магистратураны бітірген. 2017 жылы Білім және Ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Отбасылы, 3 қыз ,1 ұл тәрбиелеп отыр.