Магистратура


  • 2016-08-09
  • Корсетілу саны: 2797

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдаудың қағидалары

1. Жалпы ережелер

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетіне магистранттар контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға азаматтардың өз қаражаты және басқа да көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

Магистратураға азаматтарды қабылдау түсу емтихандардың қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Мынадай емтихандар бойынша: ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFLITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-basedTest (TOEFLIBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0); неміс тілі: Deutsche Sprachprьfungfur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі); француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Languefrancaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

Магистратураға түсушілердің өтінішін қабылдау 10 шілдеден 30 шілдеге дейін жүргізіледі. Магистратураға түсу емтихандары 1 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

2. Магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

Магистратураға жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.

Құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды қабылдау комиссиясы жүргізеді.

Магистратураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:


1) ұйым басшысының атына өтініш;

2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

3) шет тілі бағдарламалары бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);

4) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

5) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;

6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

7) жеке куәлігінің көшірмесі;

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

3. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

Шетелдіктерді қоспағанда, магистратураға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түсу емтихандарын:

1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);

2) мамандықбойыншатапсырады.

Магистратураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын:

1) мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша (оқытутілі);

2) мамандық бойынша тапсырады.

Магистратураға түсу емтихандарын өткізу кезінде мамандықтарбойынша емтихан комиссиялары құрылады.

Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті мамандықтар бойынша ғылыми дәрежесі бар қызметкерлерінен қалыптастырылады.

Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға және докторантураға түсуші тұлға апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір күн ішінде қарастырады.Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

4. Магистратураға және докторантураға қабылдау

Магистранттар және докторанттар қатарына қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады. Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.

Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі

Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша балдар

Бағалаудың 4 балдық шкала бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

Қанағаттанарлықсыз (2)

5. Мамандықтар тізімі

Қазіргі таңда Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы 21 магистратура мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары бар.

Шифр

Мамандықтардың аталуы

1

6М010200

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

2

6М010300

Педагогика және психология

3

6М010800

Дене шынықтыру және спорт

4

6М011000

Физика

5

6М011200

Химия

6

6М011300

Биология

7

6М011700

Қазақ тілі мен әдебиеті

8

6М011900

Шет тілі: екі шет тілі

9

6М012000

Кәсіптік білім

10

6М020300

Тарих

11

6М020500

Филология

12

6М030100

Заңтану

13

6М042100

Дизайн

14

6М050200

Саясаттану

15

6М050600

Экономика

16

6М050800

Есеп және аудит

17

6М060100

Математика

18

6М060600

Химия

19

6М060700

Биология

20

6М060800

Экология

21

6М073200

Стандарттау және сертификаттау






























Білім беру бағдарламалары - магистратура

Білім беру саласы

Даярлау бағыты

Білім беру бағдарламалары

Оқу топтары

7M01 Педагогикалық ғылымдар

7M011 Педагогика және психология

7М01101-Педагогика және психология (ғылыми-педагогикалық бағыт)

ПП-19МА

7М01111-Педагогика және психология (бейіндік бағыт)

ПП(б)-19МА

7M013 Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау

7M01301-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (ғылыми-педагогикалық бағыт)

БП-19МШ

7M01311-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (бейіндік бағыт)

БП(б)-19МШ

7M014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтерді даярлау

7M01401-Дене шынықтыру және спорт (ғылыми-педагогикалық бағыт)

ДС-19МА

7M01411-Дене шынықтыру және спорт(бейіндік бағыт)

ДС(б)-19МА

7M01404-Кәсіптік оқыту (ғылыми-педагогикалық бағыт)

КО-19МШ

7M01414-Кәсіптік оқыту(бейіндік бағыт)

КО(б)-19МШ

7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау

7M01502-Физика (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Ф-19МШ

7M01512-Физика(бейіндік бағыт)

Ф(б)-19МШ

7M01504-Химия (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Х-19МЖ

7M01514-Химия(бейіндік бағыт)

Х(б)-19МЖ

7M01505-Биология (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Б-19МЖ

7M01515-Биология(бейіндік бағыт)

Б(б)-19МЖ

7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау

7M01701-Қазақ тілі менәдебиеті (ғылыми-педагогикалық бағыт)

ҚТ-19МШ

7M01711-Қазақ тілі мен әдебиеті(бейіндік бағыт)

ҚТ (б)-19МШ

7M01703-Шетел тілі: екі шетел тілі (ғылыми-педагогикалық бағыт)

ШТ-19МШ

7M01713-Шетел тілі: екі шетел тілі(бейіндік бағыт)

ШТ (б)-19МШ

7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

7M021 Өнер

7M02104-Дизайн (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Д-19МА

7M02114-Дизайн(бейіндік бағыт)

Д (б)-19МА

7M022 Гуманитарлық ғылымдар

7M02201-Тарих (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Т-19МЖ

7M02211-Тарих(бейіндік бағыт)

Т (б)-19МЖ

7M04 Бизнес, басқару және құқық

7M041 Бизнес және басқару

7M04101-Экономика (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Э-19МА

7M04111-Экономика(бейіндік бағыт)

Э (б)-19МА

7M04102-Есеп және аудит (ғылыми-педагогикалық бағыт)

ЕА -19МА

7M04112-Есеп және аудит(бейіндік бағыт)

ЕА (б)-19МА

7M042 Құқық

7M04201-Құқықтану (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Қ-19МЖ

7M04211-Құқықтану(бейіндік бағыт)

Қ (б)-19МЖ

7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

7M051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

7M05101-Биология (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Бғ-19МЖ

7M05111-Биология(бейіндік бағыт)

Бғ(б)-19МЖ

7M052 Қоршаған орта

7M05201-Экология (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Эг-19МЖ

7M05211-Экология(бейіндік бағыт)

Эг (б)-19МЖ

7M054 Математика және статистика

7M05401-Математика (ғылыми-педагогикалық бағыт)

М-19МШ

7M05411-Математика(бейіндік бағыт)

М(б)-19МШ

7M07 Инженерлік, өңдеужәнеқұрылыссалалары

7M075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)

7M07501-Стандарттау және сертификаттау (ғылыми-педагогикалық бағыт)

СС-19МА

7M07511-Стандарттау және сертификаттау(бейіндік бағыт)

СС(б)-19МА


Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы

Магистратура бағыты бойынша 2019-2020 оқу жылындағы білім беру бағдарламалары тізімі