Оқу - әдістемелік бөлім


  • 2016-08-09
  • Корсетілу саны: 1645

Бекбенова Акмарал Рыскулбековна

Туған жылы: 05.12.1979ж.

Білімі: жоғары
Мамандығы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі.

Бітірген оқу орны: М.Әуезов атындағы Оңтүстік

Қазақстан Мемлекетік университеті

Қызметі: Әдістемелік бөлім меңгерушісі

Телефон: +7(777) 670-72-20

Эл. почта: Akma-bek@mail.ru

Оқу-әдістемелік бөлімі (ОӘБ) университеттің оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлім. Оқу-әдістемелік бөлімі жұмысының басты бағыты – оқу-әдістемелік жұмыстарды педагогикалық ғылымның заманауи жетістіктері мен өзіндік нормативтік-әдістемелік құжаттарын енгізу негізінде жетілдіруді ұйымдастыру. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылымды дамытудағы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға арналған іс-шаралар жоспарын» іске асыру жұмыстарына сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұны мен құрылымын жетілдіру, қоғамда білім беру қызметінің сапасын мойындату мақсатында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру.

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ:

  • Оқу-әдістемелік бөлімнің негізгі мақсаты - білім беру үрдісін жетілдіру, сапалы білім беру үшін оқу- әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, оқу әдістері мен оның белсенді үлгілерін, бүгінгі күнгі білім беру және ақпараттық-байланыс технологияларын меңгеру, жинақтау және тәжірибеге енгізу;
  • Білім беру үдерісінде оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу-әдістемеліктермен қамтамасыз ету;
  • Білім беру бағдарламаларын Болон үдерісінің талаптарына сәйкес жобалауды ұйымдастыру;
  • Оқытушы-профессорлар құрамы әзірлеген оқу-әдістемелік материалдар мен білім бағдарламаларының мазмұнына сараптама жасау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
  • Университеттің перспективалық даму жоспарын дайындауға ұсыныс беру;
  • Оқу құжаттарын мемлекеттік және университеттік нормативтік базамен сәйкестендіру және бекітілген нормаларды сақтауды қадағалау;
  • Білім беру бағдарламаларын іске асыруды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
  • Инновациялық білім беру технологиялары мен оқу үрдісін ұйымдастырудың перспективалы түрлерін енгізу;
  • Дамудың нормативтік, әдістемелік және ұйымдастыру негіздерін әзірлеу, оқу үрдісін жетілдіру және модернизациялау;
  • Оқу үрдісін жүргізу сапасын жақсарту үшін оқу үрдісі мен оқу-әдістемелік жұмыстарға мониторинг жасау.

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ:

  • оқу үдерісін кредиттік оқыту жүйесі негізінде ұйымдастыру;
  • Білім беру бағдарламаларын (ішкі, сыртқы, сапалы, техникалық) сараптамадан өткізуді және бекітуді ұйымдастыру;
  • ҚР БжҒМ және Университетте дайындалатын нормативті-құқықтық құжаттарға ұсыныстар беру;
  • Міндетті пәндердің типтік бағдарламаларымен қамтамасыз ету;
  • Таңдау пәндерінің каталогы бойынша мәліметтер базасын құру және жаңалау, оқу жоспарын дайындау үшін ұсыныстар енгізу;
  • Білім беру бағдарламасын (БББ) безендіру, каталог, силлабустар, оқу-әдістемелік кешендер, оқулықтар мен оқу-құралдарын оқытудың кредиттік технологиясына сәйкестендіру үшін әдістемелік көмек беру және қадағалау;
  • Оқу үдерісіне заманауи оқу-әдістемелік және үлестірмелі материалдарды енгізу;

Алдыңғы қатарлы ЖОО-ның тәжірибелерін қамту,оқып үйрену.