Оқу әдістемелік және қашықтықтан оқыту жұмыстары жөніндегі проректоры


  • 2016-08-09
  • Корсетілу саны: 1810

Оқу әдістемелік және қашықтықтан оқыту жұмыстары жөніндегі проректоры



ТӨРЕБЕК ЕРЛАН ЖАНДАРБЕКҰЛЫ

Философия (Ph.D.) докторы

Төребек Ерлан Жандарбекұлы 1981 жылы 1-қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы, Ордабасы ауданы, Қайнар елді мекенінде дүниеге келген. Білімі – жоғары.

1987-1998 жылдары аталған елді мекенде М.Әуезов атындағы орта мектепте білім алды.

1998-2002 жылдары Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқып, аталған жоғарғы оқу орнын «Информатика» мамандығы бойынша бітірді. 2005 жылы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистратурасын аяқтап, магистр академиялық дәрежесін алды.

Төребек Е.Ж. еңбек жолын 2002 жылы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінде бастап, 2002-2012 жылдары «Жаратылыстану пәндері» кафедрасында оқытушылық қызмет атқарды.

2012-2016 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті «Математика және физика» кафедрасында аға оқытушы қызметімен бірге компьютерлік орталық меңгерушісі, типография меңгерушісі қызметтерін де қоса атқарды.

2016 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне докторантураға оқуға қабылданып, 2019 жылы докторантураны 6D010900-Математика мамандығы бойынша толық курсын аяқтап, 2019 жылы 25 желтоқсанда докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты. 2020 жылдың 19 наурызында ҚР БҒМ Білім және ғылым сапасын бақылау комитетінің №126 бұйрығымен 6D010900-Математика мамандығы бойынша философия (Ph.D.) докторы дәрежесі берілді.

2019 жылдан Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің Ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2020 жылғы сәуір айынан бастап Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің оқу әдістемелік және қашықтықтан оқыту жөніндегі проректоры қызметін атқаруда.

Төребек Е.Ж. 60 еңбектің авторы, оның ішінде: 2 мақаласы Scopus және Web of Science базаларына енген басылымдарда, 14 мақаласы ҚР БҒМ, БҒСБК ұсынған басылымдарда, 5 оқу құралы, 4 оқу-әдістемелік құралы және 2 электронды оқу құралы (авторлық құқығы қорғалған мемлекеттік тіркеу куәлігі алынған), сонымен қатар,халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда ғылыми мақалалары (шетелде өткен конференцияларда 4 мақала) жарық көрді.

2017 жылы РФ, Тольятти қаласында Тольятти мемлекеттік университеті, «Школа математического развития и образования-5+» ғылыми зерттеу зертханасында тағылымдамадан өтіп, тәжірибе жинақтады.

2017 жылы Пекин мен Шанхай қалаларында өткен «Қазақстанның білім күндері» көрмесінің өкілі болды.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚА-IQAA) сертификаттарының иегері.

2013 жылы Ұстаздар мерекесіне орай «Алғыс хатпен», 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Алғыс хатпен» және 2017 жылы ҚР БҒМ «Құрмет грамотасымен», 2020 жылы ҚР БҒМ «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

Жалпы еңбек өтілі – 18 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі – 15 жыл.

Отбасылы, 3 баланың әкесі.