Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректордың міндетін атқарушы


  • 2016-08-09
  • Корсетілу саны: 1614

Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректордың міндетін атқарушы



Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Каладинов Октябрь Ибрашұлы.



1967 жылы 6 қарашада Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін аяқтаған.

Тәрбие бөлімінің құрылымына:

  • Жастар және мәдениет бөлімі;
  • Медициналық пункт;
  • Мониторинг және жұмыспен қамту бөлімі;

Тәрбие бөлімі мына қызметтерді атқарады:

Университет қабырғасында білім алатын әрбір студенттің жан-жақты дамуына, білім жолында бәсекеге қабілетті, жоғары кәсіби біліктілікті меңгеруіне, әлеуметтік және шығармашылық белсенділігінің артуына, мәдениеті жетілген, тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне үлес қоса алатын маман даярлауға тиімді жағдай туғызу мақсатында жұмыс жасайды..

Тәрбие бөлімінің негізгі міндеттері:

1. ҚР заңнамалық актілерінде, ҚР «Білім туралы» заңында, «ҚР мемленкеттік жастар саясаты туралы» заңында, ҚР мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында баяндалған құқықтардың сақталуын қамтамасыз ету.
2. ЖОО-да түрлі факультеттердегі студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын нығайтуға, ұлттық салт-дәстүрлерді, патриоттық сана-сезімді нығайту және дамытуға арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
3. Университетте студенттермен жүргізілетін жүйелі тәрбие жұмысын ұйымдастыру, мамандарды даярлау процесіндегі оқу мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету; тұлғаның зияткерлік, мәдени, адамгершілік-эстетикалық және физикалық дамуына қажетті жағдайларды жасау.
4. Университетте, фаультеттерде, топтарда оқу-тәрбие процесін жетілдіруге қатысу.
5. Студент жастарының шығармашылық әлеуетінің кәсіби қалыптасуы және өзін-өзі іске асыруы, жаңа нағыз дарындарды анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау.
6. Студенттік өзін-өзі басқару, студенттердің қоғамдық бірлестіктерінің жұмысына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету.

Тәрбие жұмысы бөлімінің негізгі бағыттары:
⦁ Әлеуметтік жағдайына байланысты студенттерге оқу төлемақысынан, жатақханаға орналастыру шаралары бойынша жұмыстар жүргізу;.
⦁ ЖОО студенттік жастары үшін байқаулар, конкурстар, фестивальдер ұйымдастырады.
⦁ Студенттерге түрлі гранттар алуға арналған облыстық, республикалық конкурстарға, шығармашылық байқауларға, дебаттар мен т.б. қатысуға көмек көрсетеді.
⦁ Студенттерді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыздандыру.



Тәрбие бөлімінің қызметкерлер тізімі

Р\н

Аты-жөні

Қызметі

1.

Джамиева Балжан Артыққызы

Жастар комитеті төрайымы

2.

Қахар Раушан Мықтыбекқызы

Мәдени іс-шара ұйымдастырушы

3.

Купбергенова Назира Естауовна

Медбике

4.

Жантеева Айна Туреханқызы

Мониторинг бөлімі басшысы