Ғылыми-зерттеу жұмыстары және халықаралық байланыстар жөніндегі проректорының міндетін атқарушы


  • 2016-08-09
  • Корсетілу саны: 1877


Касимбекова Баршагул Анарбаевна философия докторы, (РhD)
«Жалпы педагогика» кафедрасының философия докторы, (РhD) аға оқытушысы. 1973 жылы мамыр айының 9 жұлдызындаТүркістан облысы, Қазығұрт ауданы, «Тұрбат» елдімекенінде дүниеге келген. 1991 жылы Шымкент қаласы, Әл-Фараби атындағы мәдениет институтына түсіп, «Кітапхана және библиография» мамандығы бойынша біліктілік алған. Еңбек жолын 1997-1998 оқу жылында Шымкент қаласы, Қазақ-Араб институтында «Философия және әлеуметтік ілімдер» кафедрасының оқытушы болып бастаған. 2006-2009 жылдары «Жаратылыстану-педагогикалық» факультеті деканының орынбасары қызметін атқарған. 2009 жылдың қыркүйек айында И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті жанындағы аспирантурасының күндізгі бөліміне түсіп (Приказ №371 15.12.09), 25.01.2013жылы 13.00.01 - «Жалпы педагогика, педагогика және бiлiм тарихы» мамандығы бойынша «Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру» атты тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

2013 жылы «Аймақтық әлеуметтік инновациялық» университетінің сапа менеджмент жүйесі бөлімінің (Бұйрық №07 02.09.2013ж.) меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2014-2017 жылдар аралығында аталған ЖОО-да Ғылыми кеңес хатшысы қызметінқатар атқарған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым миниситрлігі, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 6D010300-Педагогика және психология мамандығы бойынша Философия докторы (РhD) дәрежесін алған ( 2018ж. 26 қазандағы №1759 бұйрық). 2017-2019 жылдары Сапа менеджменті және аккредиттеу бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. Еңбек жолындағы еселі еңбегі үшін 2017 жылы «Аймақтық әлеуметтік инновациялық» университетінің Ғылыми кеңесі №2 хаттамасы негізінде ОҚО «Qurmet AB» Қоғамдық бірлестігінен "Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталған. 2017 жылы «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасовтың алғыс хатымен марапатталған. 2018 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың Алғыс хатымен марапатталған. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің алғысы жарияланды. (Астана-2018ж).

Жалпы педагогикалық еңбекөтілі 20 жылды құрайды. Осы жылдар аралығында 25 ғылыми мақалалар мен 15 әдістемелікнұсқаулары жарық көрген. Қазіргі таңда, 2020 жылдың наурыз айынан бастап Ғылыми зерттеу жұмыстары және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры міндетін атқарушы қызметін атқаруда.

Бүгінде 1 ұл, 2 қыз баласын өсіріп, тәрбиелеп отырған - ардақты ана, асыл жар.