Жол қозғалысын реттеген оқушы


  • 2020-02-07
  • Корсетілу саны: 326



Шымкентте жолдағы көлік қозғалысын реттеген оқушы марапатталды. Әлеуметтік желідегі бейнежазба кейіпкеріне арнайы сыйлық табысталды.

Жуырда жол қозғалысын реттеп жүріп, жүргізушілердің алғысын алған оқушыны Шымкент қалалық полиция департаментінің басшы құрамы қабылдады. Бейнежазбадағы жасөспірім Сайрам елдімекеніндегі №114 мектептің 7 сынып оқушысы Дастан Өміртаев екен.

Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың атынан департамент басшығының орынбасары Алмас Әмзеев Дастанды өзінің және департаменттің жеке құрамы атынан алғыс хатпен марапаттап, сыйлық табыстады. Тәртіп сақшысы Дастанға азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтып, болашақта ішкі істер органдарында қызмет етуге шақырды. Дегенмен, мұндай әрекеттің өз өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін де ескертіп, абай болуды сұрады. Полицейлер Дастанға жол қозғалысы ережелерінің кітапшасы сыйға тартты.


Айта кетейік, бұл жеткіншек Сайрамдағы көшелердің қиылысында көлік кептелісін байқап, жүргізушілерге көмек көрсету мақсатында жол қозғалысын реттеген болатын.