Біз, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет командасы, біздің сайтқа қош келдіңіздер! Біз, әрдайым университетіміздің түлектерін мақтан тұтамыз өйткені, олардың арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлттық және халықаралық компаниялардың басшылары, инженерлер мен ғалымдар бар. Біз, Сіздермен қарым-қатынасымызды  жоғары бағалаймыз және үнемі сіздермен жемісті байланыстарда болудың жолдарын іздейміз. Университетіміздің гүлденуі мен дамуы жолында біз сіздермен әрдайым қарым-қатынаста болуды қолдаймыз.

          Университетіміздің барлық факультеттерінің түлектері тарихын толығымен қалпына келтіру мақсатында, бүгін біз, түлектерді бір қоғамдастыққа шоғырландыруға бағытталған арнайы жұмыстар бастап отырмыз.

            Біз, Сіз және Сіздің курстастарыңыз туралы кез келген ақпарат білуге қуанышты боламыз. Біздің түлегіміз ретінде университетіміздің білімі туралы сіздің көзқарасыңызға, ойыңызға мүдделіміз. Біз, сіздің университет қабырғасында түскен естелік  фотосуреттеріңізбен бейне баяндарыңызды өз сайтымызда жариялағымыз келеді. Біз, сізбен қарым-қатынас орнату үшін платформа ұсынуға дайынбыз. Біз, университет өміріндегі маңызды оқиғалар, қызықты адамдармен кездесулер туралы және де біздің білім беру бағыттарымен мүмкіндіктері туралы ақпаратпен сізді хабардар етіп отыруға ниеттіміз.

АӘИУ түлектері Ассоциациясының 2016-2017 оқу жылына арналған жоспары

Сауалнаманы толтырып өзіңіз туралы  жазуыңызды өтінеміз!

АӘИУ түлектерінің Ассоциациясы туралы ереже

АӘИУ түлектерінің Ассоциациясының мүшелері

 

Бөлісу: