Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің

Биология және химия мамандығы  үшін 2018 жылы арнайы жылыжай шаруашылығы  салынып, пайдалануға берілді.

Бұл жоба «Ғылыми биологиялық зерттеулерді іске асыру» аясында жүзеге асырылды. Университет жылыжай шаруашылығы іс жүзінде Биология мамандықтарына өте тиімді. Экологиялық таза көкөніс өнімдерін тамшылатып суару жүйесі университет магистрлері мен студенттері үшін өндірістік базаға айналмақ.

Университет жылыжыйында көкөніс өнімдерін өндіру бірнеше процестерден өтеді, өсімдіктердің тұқымын себу, өнімдерді іріктеумен аяқталады. 

Дақылдар топырақсыз, пайдаланылып өсіріледі. Жылыжайдың жұмысының нәтижесі аз көлемді технологияны жабық топырақта жоғарғы сапалы көкөніс түрлерін алуға болатынын көрсетеді.

Университет жылыжайы өндіретін көкөніс өнімінің сапасы үнемі бақылауда. Университетте «жапырақты диогностикалауды» жеделдету әдісі пайдаланып, өсімдіктер жағдайларына сараптама жасалынады, өнімдер құрамындағы нитрат-иондар мен ауыр металлдар тексеріліп отырады. 

Биология мамандығының студенттері үшін «Жылыжай шаруашылығы», «Қорғалынған топырақта қызанақ және қияр өсіру технологиясы» 2018-2019 ж.ж. аралығында жылыжай шаруашылығы базасында 2 шағын жоба жүзеге асырылуда.

Бұл зерттеулер аймақтағы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілері арасында тәжірибе тарату мақсатында жасалуда.  

2018-2019 жылдар аралығында жылыжай шаруашылығы базасында  «Ғылыми және ғылыми іс-әрекет» өндірістік бағдарламасы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстары жасалуда.

Алдағы уақытта «Көкөніс өсіруші техниктерді кәсіби дайындау» және  осы саладағы біліктілікті жетілдіру бойынша курстар ұымдастырылмақ.

                                                                                                                                                           Баспасөз қызметі 

 

 

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бөлісу: