Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті «Физика-математика және техникалық мамандықтар» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты М.И.Акылбаевтың 2018 жылы рейтингтік журналдарда төмендегі 4 мақаласы жарық көрді. Оның біреуі Thompson Reuters мәліметтер базасына енеді. Импакт – факторы 0,984. Ал қалған үшеуі Scopus мәліметтер базасына енеді  Төменде жарық көрген мақалалардың аннотацияларын беріп отырмыз.

 

THE  SPECTRAL DECOMPOSITION OF CAUCHY   PROBLEM’S SOLUTION    FOR LAPLACE    EQUATION

Аннотация. Лаплас  теңдеуіне қойылған Кошидің есебінің шешімі бар екені анықталып,оның Крейннің кеңістігіндегі спектрəлді таралымы алынды. Сонан соң резөлвентасы арқылы есептің жөнге келетіні көрсетілді.

CRITERIA FOR STRONG CONVERGENCE OF SOLUTIONS SINGULARLY OF THE PERTURBED CAUCHY PROBLEM

Аннотация: Аргументін ауытқыту əдісімен бос мүшесі кедір-бұдыр берінші ретті интегралдық теңдеу шешілген. Бұл есепке сəйкес сингуляр əсерленген Кошидің есебінің шешімі бастапқы теңдеудің шешіміне күшті жыйнақталатыны көрсетілді.Бұл үшін күшті жыйнақталудың үзілді кесілді белгісі мен көмекші есептің спектрəлдік қасиеттері қолданыды.Жолшыбай Штурм-Лиувилл операторының бір түрінің квадрат түбірі табылды.

On the periodic solution of the Goursat problem for a wave equation of a special form with variable coefficients

Аннотация. Бұл еңбекте коэффициенттері айнымалы ал түрі арнайы толқын теңдеуіне қойылған Гурсаның есебі шешілді. Шешімнің спектрəлді кейпі табылды, мұндай жағдай вөлтерлі есептерге тəн емес.Бұл үшін көмекші есеп ретінде аргументі ауытқыған дифференциалдық теңдеу қолданылды. Мынадай, Su(x)=u(1-x), операторлардың Шмидтің операторының қызметін атқаратыны көрсетілген

ON CONDITIONAL STABILITY OF A SOLUTION OF DIFFERENCE SCHEME FOR AN ILL-POSED CAUCHY PROBLEM

Аннотация. Жұмыста Кошидің абстрактілі дұрыс емес есебі үшін екі қабатты айырымдық схеманың орнықтылық критерийлері алынды. Карлеман түріндегі өлшенген бағалардың априорлық айырымын алу негізінде дәлелдеме әдісі. Тұрақтылық дәлелдемелер үшін екі қабатты айырмалық схемаларды шешу шарттары пайдаланылады. Үш қабатты сұлба шешімінің шартты орнықтылығының теоремасы, интегралды-дифференциалдық теңдеуге арналған Кошидің дұрыс емес есебін аппроксимациялайды.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бөлісу: