Ағымдағы жылдың 28.01.2019-02.02.2019 аралығында Ресей мемлекетінің Воронеж қаласында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті, В.А.Стеклов атындағы Ресей Ғылым академиясының математикалық институты және Воронеж мемлекеттік университеттерінің бірігіп ұйымдастыруымен Воронеж қысқы математикалық мектебі аясында «Современные методы теории функции и смежные проблемы» атты халықаралық конференция болып өтті.

         Аталған конференцияға оқу орнымыздың доценті т.ғ.к. М.И.Ақылбаев пен жаратылыстану ғылымдарының магистрі А.А.Шалданбаева қатысып, секция отырысында «Критерий вольтерровости задачи Коши для уравнения пантографа» атты тақырыпта баяндама жасады.

         Іс-шарада әйгілі математиктер лекция оқып, алда тұрған проблемалар туралы мәлімет берді. Атап айтқанда, Н.Д.Копачевский, Б.С.Кашин, А.П.Хромов, А.А.Шкаликов тағы да басқа атақты математиктер лекциялар оқып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

       Конференция жинағы жарияланып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бөлісу: