“Жұмыспен қамту-2020бағдарламасы аясында студенттерді жұмыспен қамту туралы ақпарат

   Студенттердің жазғы демалыста жұмыспен қамтылуы туралы мәлімет

    «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы

    «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы 

    «Жастар кадрлық резерві» бағдарламасы

   Ең талап етілген мамандықтар

 

                               

«Бос лауазымдар жәрмеңкесіне» Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің Мониторинг және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің меңгерушісі Марат Майлыбаев бастаған ұстаздар мен студенттер қатысып, мемлекеттік мекемелерден жұмыс табу және тестілеуден өту бойынша пайдалы кеңестер алды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әли Амантайұлы осындай іс-шаралардағы басты мақсат – бір жағынан талантты адамдарды, екінші жағынан беделді жұмысты табу екендігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметке кіруге үміткерлер мен мемлекеттік қызмет түрін алушы азаматтар үшін сервистік «memkyzmet.kz» көмекші сайты және оның мобильдік қосымшасы туралы азаматтарды хабардар етті.

Аталған сайттан мемлекеттік қызметке кіру тәртібін, облыстың мемлекеттік органдарымен көрсетіліп жатқан қызмет көрсету тізбесін, мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесін, заңнамалар жиынтығы мен тестілеу және басқа да мәліметтерді алуға болады.

Қысқа уақыт ішінде «Бос лауазымдар жәрмеңкесі» аясында 23 жергілікті және 18 аумақтық мемлекеттік мекемелердің өкілдеріне жұмыс іздеушілермен әңгімелесуге мүмкіндік туды.

Айта кету керек, қазіргі таңға облыс бойынша мемлекеттік қызметте 393 бос орын бар.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

 

 
Бөлісу: