Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні – 1   желтоқсан еліміздің айтулы мемлекеттік мейрамы баршаңызға құтты болсын! 

 2011 жылы 10 желтоқсанда Парламент Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы»заңына қол қойылып, Қазақстан Республикасының алғашқы президенті күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы ерекше жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған болатын.

Бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты болып 1991 жылы 1 желтоқсан күні болған президент сайлауы болды. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің алғашқы президенті атанды. 

Биылғы жыл Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» тұжырымдамасы аясында өтіп жатыр. Жуырда осы тұжырымдаманың жалғасы ретінде Қазақстан Президентінің  «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы жарияланды.

Елбасы өз мақаласында: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» - деді.

Баршаңызды Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнімен құттықтаймын. Отбасыларыңызға – амандық, білім саласын дамыту жолындағы еңбектеріңізге – табыс тілеймін!

 

                                                       УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ – САНДЫБАЙ БОРАНБАЕВ 

 

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бөлісу: