27- 28 қараша күндері Орал қаласында  «Қазақстан ұлттық коды – төл жазу»  атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияға Қазақстан, Турция, Германия, Азірбайджан, Өзбекстан және Россия елдерінің ғалымдары қатысты.

«Қазақстан ұлттық коды – төл жазу»  атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны Батыс Қазақстан  инновациялық – технологиялық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Раушан Ғабдуалиева ханым ашып, ғылыми мәжіліс жұмысына сәттілік тіледі.

«Жаңа әліпбиге көшу – Қазақстанның ұлттық стратегиялық мақсаты» атты бірінші секциялық отырыстың жұмысы Аймақтық  әлеуметтік - инновациялық университетінің  ректоры, филология ғылымдары докторы, профессор Боранбаев Сандыбай Режепұлының «Тіліміздің дыбыстық ерекшеліктерін сақтайық» деген тақырыптағы баяндамасымен ашылды.

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тұжырымдамалық мақаласында: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты» деген болатын.

Орал қаласында өткен «Қазақстан ұлттық коды – төл жазу»  атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны  сол жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен ғылыми отырыстардың ішінде өзінің географиясы және баяндамаларының тереңдігімен ерекшеленген іс-шаралардың бірі болды деуге болады. Бұл – Конференция қатынасшыларының ортақ пікірі.

                                                                          Баспасөз қызметі

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бөлісу: