ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

 

Құрметті ұстаздар мен студенттер!

Қадірменді мырзалар мен ханымдар!

 

 Баршаңызды ең ұлы мерекеміз, әрі елдігіміздің асқар асуы – Тәуелсіздіктің 27 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздігімізді жер жүзіне жариялап, күллі әлемге паш еттік.

Елбасы: «Біз – даламыз бен қаламызды бірге көркейткен қуатты халықпыз, Арқа төсіне Тәуелсіздігіміздің салтанатты символы – Елордамызды орнатқан жасампаз жұртпыз.

Достықтың дара дәстүрлерін дамытқан біртұтас ұлтпыз, көршімен тату, шалғаймен сыйлас өмір сүрудің өнегесін көрсетіп, салиқалы сыртқы саясатын жүргізген ұлағатты ұлыспыз» - деген болатын.

Тәуелсіздік – миллиондардың қанатты үміті және орындалған ғасырлық арманы.

 Бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен Тәуелсіздік біздің заманымызға тура келді. Біз осы ұлы мәртебе мен үлкен жауапкершілікке лайықты ұрпақ бола білуіміз керек. 

27 жылда жүріп өткен ауыр да абыройлы жолымыздың мәні тұтас ғасырлармен тең.

Біз ұлы өзгерістер заманында өмір сүріп жатырмыз.

Ертең ертеңнің желі еседі. Ертеңнің желі Тәуелсіз Қазақстанның көк туын желбірете берсін!

Алладан сіздерге осы өзгерістер жолында күш-қуат, қажымас қайрат, тапқырлық пен табандылық тілеймін!

 

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ САНДЫБАЙ БОРАНБАЕВ

 

 

Бөлісу: