Тәуелсіздік – миллиондардың қанатты үміті және орындалған ғасырлық арманы. Бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен Тәуелсіздік біздің заманымызға тура келді. Біз осы ұлы мәртебе мен үлкен жауапкершілікке лайықты ұрпақ бола білуіміз керек. 

Әлем халықтарының тарихына жүгінсек, жаңа мемлекет құру мәртебесі ұрпақтың ең ұлы буынына бұйырады екен.

Осы бақытты буын – біздерміз.

27 жылда жүріп өткен ауыр да абыройлы жолымыздың мәні тұтас ғасырлармен тең.

Өкінішке орай, біз уақыт пен кеңістік философиясын, тоталитаризм құрсауы мен либерализм құндылықтарының ара қатынасына жетерлі деңгейде мән бермей келеміз.

Әрбір ел алдына ұлы мақсаттар қоя білуі керек. Алдына үлкен мақсат қойған мемлекет ғана биік белестерді  бағындыра алады.

«Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламалары ел дамуының бағдаршамы. Бұл стратегиялар – біз бет алған ұлы белестер. 

2050 жылға дейін біз әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енетін боламыз. Қазақстан орта тап үлесі басымдыққа ие елге айналмақ. 2050 жылға қарай шағын және орта бизнес ІЖӨ-нің бүкіл көлемінің кем дегенде 50 пайызын өндіретін болады.

Бүкіл әлем сияқты, біздің еліміз де урбанизация жолымен жүріп келеді: 2050 жылға қарай қала тұрғындарының үлесі бүкіл халықтың 70 пайызынан астамға өспек.

2050 жылға барып Халық саны 25 миллионды құрап, оның ішінде экономикалық белсенді халық 11 миллионнан астам адамға жететін болады.

Тарихи статистикаға жүгінсек, ХХ ғасырдың басында елімізде азаматтардың орташа өмір ұзақтығы небәрі 32 жас болыпты.

Бүгінде бұл көрсеткіш – 72 жас.

Ал 2050 жылға барып, бұл көрсеткіш 82 жасқа жетеді.

Осы мүмкіндіктерді сйлап отырған Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

Тәуелсіздік күніне арналған жиналыста үздік ұстаздарға мақтау грамоталары мен төс белгілер табыс етіліп, салтанатты іс-шара мерекелік концертке ұласты.

                                                                                                                                             Баспасөз қызметі

 

Бөлісу: