Құрметті ұстаздар, студенттер және университет ұжымының мүшелері!

Санаулы күндерден  соң біз жаңа – 2019 жылға қадам басамыз! Жаңа жыл – бәріміз асыға күтетін айрықша мереке.

Биылғы жыл біз үшін де ерекше табысты жыл болды – Мамандандырылған институционалдық аккредиттеуден өтіп, университетіміздің білім нарығында бәсекеге қабілетті оқу орны екенін дәлелдедік.

Университетіміздің ұжымы өз кезегінде Елбасының білім саласындағы  сарабдал саясатын қызу қолдап, шама-шарқынша нарықтың сұранысына сай, бәсекеге төзімді мамандарды дайындауға үлесін қосты. Бұл бағыттағы қызметіміз Жаңа жылда да жалғасасын табатын болады.

Ардақты ағайын!

Жаңа жыл баршамызды қашанда жаңа жетістікке, жаңа биікке жетелейді.

Жаңа жылда ұл-қыздарыңыз өз жетістіктерімен жандарыңызды жадыратып, абыройларыңызды асқақтатсын!

Жаңа жыл әрбіріңіз үшін ұлы мақсаттар жылы болсын. Тек алдына үлкен мақсат қойған адам ғана үлкен белестерді бағындырады.

Жаңа жыл әрбіріңіз үшін үлкен өзгерістер жылы болсын:  өзімізді өзгертпей өміріміз де, айналамыз да, жалпы алғанда – қоғамымыз да өзгермейді.

Жаңа жыл әрбіріңіз үшін жаңа мүмкіндіктер жылы болсын! Сана мен Сенім жеткен жерге – аяқ пен қол да жетеді. Осыған бек сеніңіздер, бауырлар!

Кіріп келе жатқан жаңа жылда Алла баршаңызға толағай табыс, отбасыларыңызға – бақыт пен береке, ал Қазақ еліне – қарқынды даму мен бейбіт өмір сыйласын!

                                                                                                  Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

  

                                                                                                   Ізгі тілектермен

                                                                                                  Университет ректоры Сандыбай Боранбаев

 

 

 

Бөлісу: