Бүгін Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Діни саладағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тықырыбына арналған кездесу болып өтті.

Шымкент қаласындағы,  «Абдулхамид Хаттани»  мешітінің бас имамы Бақдәулет Абдрахманов  өңірдегі жалпы діни ахуал мен  деструктивтік діни ағымдар жайлы әңгімелеп берді. Бас имам келтірген деректерге қарағанда бүгінде 200 ден астам қазақстандық дұрыс жолдан адасып, Сирия жерінде жүр.

Университет қонақтары студенттерді теріс ағымдарға, соның ішінде уахабилік ағымының құрсауына түсіп қалмауға, егер пәтуәні қажет ететін жағдай туып жатса, мешіттердің ресми өкілдеріне жолығуға шақырды.

Бас имам «ұзын сақалдар мен қысқа балақтардың арбауына түсіп қалмауға, егер сол жолда жүрген достары мен туыстары болса, оларды мешіт имамдарына әкелу қажет екекнін ескертті.

Сондай-ақ «Абдулхамид Хаттани»  мешітінің бас имамы Бақдәулет Абдрахманов мырза студенттерге қарата : «Діни білімдеріңізді дамуту жолында тек ресми сайттардан - Қазақстастан мұсылмандары дін басқармасы мен осы құрылымға қарасты ұйымдардың сайттарынын пайдаланыңыздар» деді.

Университет студенттері талқыланған тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, кездесуге келген азаматтарға көптеген сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды.

  Баспасөз қызметі

 

                                                                                    

 

 
 
 
 
 
 
Бөлісу: