Бүгін Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің Әлеуметтік-педагогикалық институтында екі шет тілі мамандығының студенттері үшін арнайы Лингофондық кабинет ашылды. Лингафондық кабинет заманауи техникаман жабдықталған.  

Ашылу рәсіміне қатысып, лентасын қиған Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің Құрылтайшылар кеңесінің төрағасы,  профессор Қозыбақов Момбек Жамалбекұлы студенттерді Лингфондық кабинеттің ашылуымен құттықтап, жастарды шет тілдерін жете меңгеріп, ел игілігі үшін аянбай еңбек етуге шақырды.

Студенттер мен ұстаздар  Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің Құрылтайшылар кеңесінің төрағасы, профессор Қозыбақов Момбек Жамалбекұлына ризашылық білдіріп, ұстаздық жолында бойларындағы бар әлеуетті сарқылта жұмсауға уәде берді

                                                                                                                                                     .Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 
 
 
 
Бөлісу: