Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы жарлығына сәйкес 1- наурыз елімізде "Алғыс айту" мерекесі болып белгіленген. Тариx және құқық факультетінің деканаты тарапынан "Алғыс жүректен шығады" атты ауқымды көлемде мерекелік кездесу кеші болып өтті .

Студенттер жас ұстаздар қауымы ардагер ұстаздарға алғыс айтты, сондай-ақ осы мереке күніне арналған сенбілік өттіп, табиғатқа да алғыс айтылды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Алғыс айту күніне орай құттықтау хатында: «Құрметті отандастар! Бүгін біз ерекше мереке - Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Бұл халқымыздың қиын-қыстау заманда танытқан мейрімділігінің ешқашан ұмытылмайтынын білдіреді. Алғыс айту күні - біздің ортақ тарихымызға білдірген құрмет, барша қазақстандықтардың өз үйіне айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылығы», - деп атап өтті.

 Елбасы құттықтауында: «Қазіргі кезде біз ауқымды жаңғырту бағдарламасын іске асырудамыз, халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде кешенді шаралар қабылдаудамыз. Ынтымақтастық пен өзара көмек сияқты ешқашан жойылмайтын адами құндылықтар әрқашан біздерді біріктіріп, ойымызға еліміздің ортақ болашағына қатыстылық пен жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Қазақстандықтардың қазіргі буыны, әсіресе жастар, дана тарихымызды білуі және есте сақтауы керек. Тарихтың тағылымы мен дана сабақтары шынайы патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетеді. Әрқайсымыздың жүрегімізді біздің ортақ жетістігіміз - өркендеуші Қазақстан үшін мақтаныш пен ризашылық сезімі керней берсін!» - делінген.  

Айта кетейік, Алғыс айту күнін мерекелеу аясында елімізде 1 570-ке жуық түрлі мәдени-көпшілік және қайырымдылық іс-шаралары өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының мәліметіне қарағанда, осы шаралармен 3,5 мың елді мекен қамтылды. Осы орайда мұқтаж жандарға, көпбалалы аналарға, жетімдерге 126 млн теңгеге көмек көрсетіледі.

АӘИУ Тариx және құқық факультетінің деканаты тарапынан "Алғыс жүректен шығады" атты мерекелік кеші елімізде өткен тектес шаралармен үндесіп жатты.

                                                                                                                                                      Баспасөз қызметі 

 

 
 
 
 
 
 
 
Бөлісу: