Өткен бейсенбі күні университетіміздің "Педагогика және психология" кафедрасы жанынан "Психологиялық қолдау  орталығының" ашылу салтанаты болып өтті.

Университетіміздің Ақпараттандыру-жаратылыстану институтының директорыф.ғ.к  А.Смайлов, п.ғ.д, профессор Р. Досжан және п.ғ.к. Б.Құрбаналиевтер «Психологиялық қолдау орталығының» лентасын қиып, құттықтау сөз сөйледі. Магистр-оқытушы Г.Ә.Әбдрахман орталық жайлы ақпарат беріп, атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Орталықтың мақсаты - адамның рухани өсуіне, жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау, оқытушылар мен студенттердің шығармашылық қабілетін ашу.

Орталықтың міндеті - Оқытушылар, студентттер және өтініш білдірген әрбір азаматтың тұлға ретінде қалыптасуына кедергі болатын факторларды анықтау және психологиялық /диагностикалық,коррекциялық,бейімдеу, кеңес беру/ көмек беру.Ал Орталықтың күтілетін нәтижелері - ұйымдастырылған жұмыс студенттерді әлеуметтік және психологиялық жағынан қорғауды жүзеге асыруға, девиантты мінез-құлықты балалар санының азайтуға және суицидиалдық әрекеттерден сақтауға септігін тигізеді.Оқытылатын пәндермен ұштастыру. Сонымен қатар студенттер мен оқытушылар арасында өзара қарым-қатынасты нығайту бойынша жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі.Орталықта жасалып жатқан жұмыстардың қорытынды нәтижесімен оқу-әдістемелік құралдар, оқу құралы, монографиялар жарық көріп, диссертациялар жазып, қорғауға мүмкіндік береді.

Педагогика және психология кафедрасына қарасты «Психологиялық қолдау орталығы» жұмыс барысында бірнеше облыстық көлемдегі орталықтармен меморандум түзіп, өзара тиімді байланыстар орнатуда. Осы күнге дейін тегін 12 жеке тұлға кеңеске жазылып, 9 тренинг өткізілді.

Орталық туралы Фейсбук алаңшасына:«АӘИУ Психологиялық қолдау орталығы»; Интсаграмм желісінде: rsiu.psychological_center арқылы ақпарат ала аласыздар.

Орталықтың мекен жайы::Терешкова 14а, 208Ж5        
Байланыс тел: 87473544949; 87011771947, 87012219028

                                                                                                                              Баспасөз қызметі

 

 
 
 
 
 
 
 
 
Бөлісу: