Өткен сенбі күні Шымкент қаласында жоғарғы оқу орындарының арасында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, қазақша күрестен, самбодан спорт шебері, қазақша күрестен,самбодан жоғарғы дәрежелі төреші, Айкенов Жеткеншек Сармантайұлының 67 жылдық мерей тойына арналған Волейбол  турнирі болып өтті.  

Қиян-кескі күреспен өткен мерейтойлық турнирге студенттерден құралған 6 (алты) қыздар командасы, ер мұғалімдерден құралған 5 (бес) команда қатысты.

Бұл жарыста қыздар командасы ішінде

1-ші орынды – Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің қыздар командасы, 2-ші орынды – АӘИУ-нің қыздар командасы, 3-ші орынды – ОҚМУ-дың қыздар командасы иеленді.

Ал Ер мұғалімдер командасының арасында:

1-ші орынды – ОҚМУ мұғалімдер командасы, 2-ші  орынды – Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің командасы, ал 3-ші орынды – АӘИУ  командасы иеленді.

Турнир соңында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, қазақша күрестен, самбодан спорт шебері, қазақша күрестен,самбодан жоғарғы дәрежелі төреші, Айкенов Жеткеншек Сармантайұлына шапан жабылып, ыстық лебіз білдірілді.

                                                                                                                                                 Баспасөз қызметі

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бөлісу: