А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 6М091100-Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару мамандығының мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын  1-курс магистранты Аканова Еркеш 2019 жылдың 10-16 сәуірі күндері аралығында Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің «Биология және химия» кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті. Аталған жоғары оқу орнымен өзара ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылған бұл тағылымдама барысында магистрант университеттің құрылымдық бөлімдерімен, этномузейімен, кітапханасымен, «Билология және химия» кафедрасының тыныс-тіршілігімен, кафедра базасында құрылған жылыжаймен, зертханаларымен танысты.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бөлісу: