18 наурыз 2019 жылы  Нұр-Сұлтан қаласының Тәуелсіздік сарайында бизнес-көшбасшыларының салтанатты съезі болды. Мерекелік кездесуге Қазақстан мен Украинадан келген 150 –ден астам кәсіпкерлер, компания жеткшілері, өңірлердің бәсекеге қабілетті беделді оқу орындарының басшылары қатысты. Университеттің Құрылтайшылар кеңесінің төрағасы Қозыбақов Момбек Жамалбекұлы және ректор Боранбаев Сандыбай Режепұлы осы салтанатты жиынның құрметті қонағы болды. «Ұлттық бизнес рейтингінің» конкурстық жүйеде 2018 жылға атқарған жұмыстарды саралау қорытындысы бойынша университет «Білім мақтанышы 2018» ұлттық сертификатымен, университет басшысы Қозыбақов Момбек Жамалбекұлы «Білім мақтанышы» орденімен марапатталды.  Бүгінде іргелі оқу ордамыздың қол жеткізген толағай табыстары жетерлік. Салтанатты жиында университет басшысы сөз алып: Мемлекеттің жарқын болашағы, елдің қуаты ең алдымен білім мен ғылымға тәуелді. Ұлттық рухани құндылыққа негізделген білім, бәсекеге қабілетті білімді де білікті жастар тәрбиелеу басты мақсатымыз екендігін атап айтты.  

  Іргелі  оқу ордамыздың «Лидерлер каталогында» жариялануы жаһандық ауқымда танылуы мен насихатталуына кең жол ашады.

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бөлісу: