№81 - Кұлжан Мұхтар (01.10.2019)

Вопрос

Саламатсыз ба, Сандыбай Режепұлы! Шілде айында өткен кешенді тестілеуге қатыса алмадым. Шартты түрде оқуға қабылдана аламын ба?

Ответ

Саламатсыз ба, Құлжан Мұхтар. 

ҚР ЖОО қабылдаудың үлгі ережелеріне сәйкес, тамыз айында өткен қайта кешенді тестілеуге қатыспаған талапкер шартты түрде студент қатарына қабылдана алмайды.

№80 - Айсауле Каттабекова (01.10.2019)

Вопрос

Саламатсыз ба, Сандыбай Режепұлы! Мен басқа оқу орнының студентімін. Сіздің университетке қай кезде ауыса аламын?

Ответ

Саламатсыз ба, Айсауле Каттабековна!

Академиялық кезеңнің арасындағы каникул кезінде ауыса аласыз. Ол үшін өзіңіз оқып жатқан оқу орны ректорының атына басқа ЖОО-ға ауысу туралы өтініш жазып, сол өтініштің көшірмесін, транскриптті, оқыған жоғары оқу орныңыздың бас лицензиясы мен қосымшасының көшірмелерін ұсынасыз. 

№78 - Серікбаев Нұрболат (01.10.2019)

Вопрос

Сәлеметсіз бе, құрметті Ректор мырза! Оқуға ақыны аудандардан төлеуге бола ма?

Ответ

Саламатсыз ба, Серікбаев Нұрболат!

Оқу төлемақысын келесі шотқа «Казкоммерцбанк» АҚ бөлімдерінен аударуға болады:

Қазақстан Республикасы,

Шымкент қаласы, 160005

Д.Құрманбеков көшесі, 4б

«Аймақтық әлеуметтік-инновациялық

университеті» ЖМ

БСН 120840005608

«Казкоммерцбанк» АҚ ШФ

БИК KZKOKZKX

ИИК KZ 829260801164784000

КБЕ 17

№77 - Тогаева Зухра (01.10.2019)

Вопрос

Сіз басқаратын университеттің соңғы курсының студентімін. Үздік дипломға кімдер ие бола алады?

Ответ

Саламатсыз ба, Тогаева Зухра!

Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А - «өте жақсы», В-, В, В+ - «жақсы» деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орта балы 3,5-ке тең мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) «өте жақсы» деген бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.

Оқу кезеңінде емтихандарды қайталап тапсыру жағдайы болған студент үздік диплом алу құқығынан айырылады.

№76 - Ақылбекқызы Жұлдыз (01.10.2019)

Вопрос

Саламатсыз ба, Сандыбай Режепұлы! Төлемақыны төлей алмауыма байланысты академиялық демалыс алсам деп едім

Ответ

Саламатсыз ба, Ақылбекқызы Жұлдыз!

Оқу төлемақысын төлей алмауына байланысты академиялық демалыс берілмейді. Егер «жақсы» және «өте жақсы» бағамен оқитын болсаңыз, ҚР БҒМ Қаржы орталығынан білім кредитін ала аласыз. Бұл туралы толық мәліметті осы университет сайтындағы Қаржы орталығы сайтына сілтеме арқылы алсаңыз болады.

Білім алушыға академиялық демалыс:

1) сырқатына бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде;

2) ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша;

3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде;

4) босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда 3 жасқа толғанға дейін беріледі

№73 - Серікбай Ажар Абибуллақызы (01.10.2019)

Вопрос

Университеттің Ғылыми кеңесінің мәжілісіне университет студенттері қатыса алады ма ?

Ответ

Университеттің Ғылыми кеңесінің мәжілісіне студенттер атынан студенттік ректор Әзбергенова Айгерім қатысады, өйткені ол Ғылыми кеңес мүшесі болып табылады. Студенттік ректор студенттің мүддесін қорғайды. Студентке қатысты сұрақтарыныз болса, студенттің ректор арқылы жеткізуге болады.  

№72 - Бегимкулова Айдын Сыдыковна 1 курс екі шетел тілі (01.10.2019)

Вопрос

Расскажите о системе менеджмента качества университета.

Ответ

Вуниверситете внедрена сертифицированная система менеджмента качества. Создан план мероприятий по внедрению ИСО 9001:2008ХС и подготовлены нормативные документы по  системе менеджмента качества университета. По сертификату № К-2681 центра свидетельствования UKS(Турция, Стамбул) от 20.02.2017г. в соответствии с положением ТSENISO9001:2008получено разрешение на осуществление  деятельности по высшему и послевузовскому образованию по направлению юриспруденции, искусства, социальных, технических и гуманитарных наук. 

№71 - Бүрлібаева Баян Мұхамедәлі қызы, Ш102-14топ. (01.10.2019)

Вопрос

В каких случаях разрешается свободное посещение лекций в университете?

Ответ

Уважаемая Баян! Для получения такого рода разрешения должны быть серьезные основания. Свободное посещениелекций, возможно тогда, когда и преподаватели, и студенты придут к пониманию того, что результатов можно добиться только при активной самостоятельной работе.  Пока, нельзя говорить о том, что мы полностью готовы отказаться от обязательного посещения с последующей отработкой пропущенных занятий. Потому что многие преподаватели пока убеждены, что только присутствие студента на всех занятиях обеспечивает освоение материала. В случае серьезной болезни или рождения и уход за ребенком необходимо оформить  академический отпуск. По всем другим вопросам обращаться в деканат факультета. 

№70 - Көбжасаров Ернар (01.10.2019)

Вопрос

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөліміне түсу сұрақтарын қайдан алуға болады?

Ответ

Сіз таңдаған мамандығыңызға байланысты кафедралармен байланысып, алдын-ала сұрақтарды алуыңызға болады. Бірақ, кәсіптік пәндерден емтихан тапсырмай тұрып, ағылшын тілінен тест тапсыруыңыз керек. Ол тест емтиханы арнайы өкілетті органның басшылығымен қабылданып, сізге ағылшын тілінен емтихан тапсырғандығыңыз туралы сертификат береді. Сонан соң ғана кәсіптік пәндерінен емтихан тапсыруыңызға болады. Ол туралы толық ақпаратты қабылдау комиссиясынан алуыңызға болады.

№69 - Рустемов Нуркен Асильбаевич (01.10.2019)

Вопрос

Сіздерге қабылданған магистранттар магистрлік бағдарлама шеңберінде халықаралық ынтымақтастыққа байланысты қандай шетел оқу орындарына барып оқи алады?

Ответ

Біздің оқу орының магистратура мамандықтары бойынша алыс және жақын шетел оқу орындарымен екі жақты келісімшартқа қол жеткізгенбіз. Олар: С.Ю.Витте атындағы Мәскеу университеті, «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіптік университеті, Пенджикент қаласындағы Тәжік педагогикалық институты, Ростов-на Дону қаласындағы Оңтүстік университеті, Мәскеу қаласындағы Халықаралық бағалау академиясы және консалтинг кәсіби білім беру мекемесі, Мәскеу экономикалық институты, Омбы қаласындағы Сібір ақпараттық технологиялар университетімен магистранттар ғылыми тағылымдамадан өтеді және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқып білім алуға болады, және ғылыми-зерттеу жұмысын орындай алады.