Ақпараттық технологиялар бөлімі


  • 2016-08-02
  • Корсетілу саны: 1708

Ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі

Төребек Ерлан Жандарбекұлы






Ақпараттық технологиялар бөлімі университеттің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру және дамыту мақсатында құрылған.

Университет 17 мультимедиялық кабинет, 1 бейнестудия, 2 лингафон кабинеті, 3 виртуальды лаборатория, 15 компьютер класымен, 3 электронды оқу залымен қаматамасыз етілген.

Қазіргі таңда универсиетте 90 Мб/с жылдамдықпен интернетке қосылған жергілікті және сымсыз байланыс желісі жұмыс жасайды. Барлық ғимараттарда Wi-Fi сымсыз байланыс желісі орнатылған. Университет 500 ден аса дербес компьютермен қаматамасыз етілген .

Ақпараттық технологиялар бөлімінің негізгі міндеттері мен мақсаттары:

  • университетті ақпараттандырудағы стратегиялық бағдарламаларды жобалау және жүзеге асыру, бағдарламалық және техникалық компьютерлік құрылғылар мен желілерді сатып алу және қолданудағы бірыңғай техникалық саясат жүргізу;
  • университеттің "Platonus" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің құрама жүйелерін құру, жетілдіру, қолданысқа енгізумен қоса, жергілікті және жалпы университеттік INTERNET-ке шығуымен компьютерлік желілерді және бірлескен, жергілікті және салалық ЭЕМ желілерін іске қосу (сонымен қатар ЖОО-мен, ҚР білім және ғылым министрлігімен, университетпен қарым-қатынастағы басқа да ұйымдармен);
  • университетті басқарудағы және оқу процесіндегі ақпараттық технологияларды жетілдіру және әрі қарай дамыту;
  • университеттің веб сайтын жаңалап отыру;
  • университетте ғылыми зерттеулерді және оқу процесін ақпараттандыру бойынша әдістемелік жұмыстарды басшылыққа алу және координациялау, факультеттік, кафедралық компьютерлік зертханаларда ДК техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • желілік құрылғылар, сканерлер, принтерлер, көшіру-көбейту аппараттар және т.с.с. ақпараттық-телекоммуникациялық құрылғыларды (АТҚ) техникалық және жүйелік қызмет көрсету;
  • университеттің бірыңғай компьютерлік желісін құру мақсатында жобалау-монтаждау жұмыстарын жүргізу.