Кітапхана


  • 2016-08-09
  • Корсетілу саны: 1805

А.Ж.Қамбарбекова

Кітапхана меңгерушісі


АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК- ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАПХАНАСЫ ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТ

Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамдық құндылықтар негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау.

Аймақтық әлеуметтік -инновациялық университетінің кітапханасы 3 оқу корпусында оқырмандарға қызмет көрсетуде. Университет кітапханасының басты мақсаты – білім алушылар мен оқытушыларға әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзіретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету және мамандық саласына қарай қажетті ақпарат жүйесімен қамтамасыз ету. Университет кітапханасы қалыптасқан кезеңнен бері кітап қорын толықтыру мен кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету жұмыстарын түбегейлі дамытуда. Кітапхананың оқу залдарында 457 орын, 20 орындық ғылыми оқу залы, электрондық оқу залында 40 компьютерлік орын бар. Кітапханадағы жалпы кітап қоры –1314090 дана, қазақ тілінде – 1179408 , оның ішінде электрондық оқулықтар саны – 328265, мерзімдік басылымдар қоры - 24822. Жалпы кітап қоры мамандықтар саласына қарай жинақталған. Университет кітапханасы қаламыздағы Облыстық ғылыми-техникалық кітапханамен, Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасымен, Облыстық жасөспірімдер кітапханасымен келісімшарт негізінде бірлесе жұмыс атқаруда.

Кітапхана оқырмандарының "INTERNET" арқылы Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен, кітапханаларымен жедел ақпараттар алмасу мүмкіндігін жүзеге асыру үшін, кітапхананың оқу залдарында 40 компьютер орнатылған. Оқырмандарға "INTERNET" желісі бойынша өздеріне қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндіктер жасалған, сонымен қатар университет профессор-оқытушылары, магистранттар және студенттер келісімшарт негізіндеThomson Reuters компаниясының электрондық-ақпараттық ресурстар базасын, Республикалық ЖОО аралық электрондық-ақпараттық ресурстар базасын қолдана алады.