Тіркеу офисі


  • 2016-08-02
  • Корсетілу саны: 2460


Оңғарова Айжамал Асанқызы

Бөлім меңгерушісі












ОФИС-РЕГИСТРАТОР БӨЛІМІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

Офис-Регистратор бөлімшесінің негізгі функционалдық қызметтеріне – академиялық күнтізбені, академиялық лекті, сабақ, емтихан , күндізгі және сырттай бөлімнің қорытынды мемлекеттік аттестация кестелерін құру, студент құжаттарын қабылдау, рәсімдеу және сақтау, ЖОО-на қайта қабылданушы, басқа ЖОО-нан ауысып келетін студенттер мен академиялық демалыстан шыққан студенттердің пән айырмасын шығару жұмыстары кіреді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша басқа оқу орнына жіберілген студенттер үшін транскрипт дайындау және беру, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша басқа оқу орнына жіберілетін студенттің оқу жоспарындағы пәндерден айырмашылықты анықтау, оқуға қайта қабылданған және басқа оқу орнына ауыстырылған студенттердің академиялық анықтамаларын толтыру және беру Формалар бойынша мерзiмінде институттың бiр рет есептеу нәтижелерi бойынша статистикалық есеп беру және құрастыру, студенттердiң жеке құрамы бойынша бұйрықтарды әзiрлеп рәсімдеу, студенттер бойынша бұйрықтардың көшiрмелерiмен бөлiмшелерді, факультеттерді қамтамасыз ету, академиялық мәлiметтердi беру, факультеттердің студенттiк құжаттарды дұрыс рәсiмдеуiне бақылау жасау, студенттер контингентi бойынша деректер қорын жүргiзу, талап бойынша студенттер туралы мәлiметтер беру. Жыл басында Офис-Регистратор академиялық күнтізбедегі уақыттарға сай оқу пәндеріне студенттерді тіркейді. Оқу пәндеріне студенттерді тіркеуде әрбір студент эдвайзерден кеңес алып отырады (жеке оқу құрылымының жылжу жолына қарай).

Бөлім қызметкерлері:

Шалабаева Гүлшара – офис-регистратор

Кожаева Гулдана – офис-регистратор

Конысбекова Майра – офис-регистратор

Оразалиева Гаухар – офис-регистратор

Алшыкенова Айгуль – офис-регистратор

Маханова Гулзира – офис-регистратор

Әбенова Фариза Ғалымқызы – офис регистратор