Академиялық қызмет бөлімі


  • 2016-08-02
  • Корсетілу саны: 2181

Академиялық қызмет бөлімінің басшысы

Гүлжамал Жұмаділлаева







Жұмаділлаева Гүлжамал Нұртазақызы - филология ғылымдарының кандидаты. Білімі жоғары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтын Үздік белгімен 1988 жылы аяқтаған. Педагогикалық жұмыс өтілі – 28 жыл.

Жұмаділлаева Гүлжамал Нұртазақызы – 2013-2014 оқу жылының қыркүйек айынан бастап Оқу бөлімін басқарады. 2005 жылы Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ф.ғ.д., профессор Г.Сағидолданың жетекшілігімен «ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан ономастикасының даму бағыттары» атты ғылыми тақырыбын бекітіп, 2010 жылы Алматы қаласында ҚАЗҰУ-де ғылыми кандидаттық диссертациясын қорғады.

Қазақ ономастикасының даму бағыттарына, атаулардың шығу, қалыптасу жайын тексереді. Қазақ тіл білімінің лексикалық, морфологиялық ерекшелігіне және қазақ тілінде қолданылып жүрген медициналық терминдердің хал-ахуалына, ерекшелігі мен түйіні шешілмеген мәселелеріне, қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты 50-ден аса ғылыми еңбектері отандық, шетел басылымдарында жарық көрді.

2012-2013 оқу жылынан бастап осы бөлімді басқарады.

Академиялық қызмет бөлімінің жетекші маманы: Хайтбаева Гулзада Наматқызы


ҚР Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде, Үлгілік оқу жоспары мен элективті каталогқа сүйене отырып оқыту мамандықтары бойынша оқу жұмыс жоспарын жасап бекітуге ұсыну; Оқу жұмыс жоспарына сәйкес оқу процесінің кестесін жасау;

Академиялық қызмет бөлімінің маманы - Өскенбайқызы Балжан


Студенттердің контингентін анықтау; Университеттің оқу жылы бойынша статистикалық есебі; Кіріс, шығыс құжаттарын тіркеу; анықтамаларды базадан тексеру; бұйрықтарды Platonus ААЖ-не енгізу.

Тулеева Күмісай Қуанышбекқызы – Бас маман


Арынбеков Мұрат Тұрғанбекұлы – Бас маман


Дүйсенбекова Мадина Лесқызы– Бас маман


Жалпы мәлімет

Академиялық қызмет бөлімі университеттің жүйелі бөлімшесі болып табылады. Бөлімнің құрамында бөлім інің меңгерушісі, бас мамандар, жетекші мамандар және бөлімінің маманы қызмет атқарады:

Академиялық қызмет бөлімі оқу үрдісін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды. Атап айтқанда:

Академиялық қызмет бөлімі университеттегі білім беру бағдарламасы бойынша ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы №563 бұйрығына, ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына 7-қосымшасына (сәйкес, элективті пәндер каталогынан алынған білім алушылардың жеке оқу жоспарының негізінде, кафедраларда білім беру бағдарламасы бойынша оқу жұмыс жоспарларын дайындауға, бекітуге жетекшілік етеді.

Академиялық қызмет бөлімі әр оқу жылының басында:

Жаңа оқу жылында оқу үдерісінің кестесін;

Білім алушылардың курстан-курсқа көшіру балын;

Профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемелерін жоспарлаудағы оқу жұмысының түрлері бойынша уақыт мөлшерін;

Профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемелерінің жылдық мөлшерін Ғылыми Кеңеске бекітуге ұсынады.

Қажеттілікке қарай кафедраларда өтілетін пәндер тізімін бекітеді.

Кафедралардың жылдық оқу жүктемелерін және штаттық кестесін дайындалуын, ПОҚ-ң жеке жұмыс жоспарын толтыруын, бекітуге ұсынуын қадағалайды.

Оқу жүктемесінің сағаттарын есептеу, университеттің штатын есепке алу және тексеру, университет кафедраларының профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемелерінің орындалуын есепке алу – Академиялық қызмет бөлімінің міндеті болып саналады

Сабақ кестесін үйлестіріп, университет бойынша академиялық топтарды құрады.

Контингенттің қозғалысына сәйкес статистикалық мәліметтерді жинақтайды.

Статистикалық мәліметті қажет еткен, талап еткен мекемелерге есеп береді.

Басшылық тарапынан шығарылған өкімдер мен талаптарды жедел түрде орындауға атсалысады.